Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың шапанын киіп, туын көкке көтерген немістер елге деген сағынышын жеткізді (видео)

Опубликовано:

Facebook желісінде Германия астанасына жақын маңдағы немістердің Қазақстан туралы ән шырқап, туын көкке көтеріп жатқан видеосы пайда болып, желі қолданушыларын сүйсінтті деп жазады NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Видеода немістердің Қазақстанды, Астананы, ұлттық тағамымыз "бешбармақты" әнге қосып, сағынышын жеткізіп жатқанын байқауға болады. Олар тіпті, көк туымызды көкке көтеріп, билеп жүр.

Немістердің жантебірентерлік ән шырқаған видеосын Аслан Сәбит есімді желі қолданушысы өз парақшасына жүктеген.

"Немістер жарайсыңдар! Жақсылыққа жақсылық істей алатын халық", - деп жазба қалдырған ол.

Мұны көрген желі қолданушылары жағымды пікірлерін білдіріп, неміс халқының ақ пейіліне сүйсініп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721028-kazakty-sapanyn-kiip-tuyn-kkke-ktergen-nemister-elge-degen-sagynysyn-zetkizdi-video/

pixel