Қазақстан аруы байқауында бақ сынайтын арулар кімдер?
Жарияланған күні:
Қазақстанның ең сұлу аруын таңдау бұрынғыдан да қиындай түспек. Себебі олардың қатары тағы 10 арумен толығып, енді "Мисс Қазақстан-2017" байқауында 30 бойжеткен бақ сынайтын болады деп хабарлайды NUR.KZ.
Мисс Қазақстан байқауының іріктеу сынына еліміздегі 17 мен 25 жас аралығындағы кез-келген ару қатысуға құқылы еді. Ол үшін әлеуметтік желідегі парқшасында сапалы, анық суретін жариялауы тиіс болатын. Осылайша, cыннан сүрінбей өткен жаңа қатысушылар ондығын қазылар алқасы таңдады.
Сонымен, тізімге жаңадан енген қыздармен танысып көрсек:
Сәлима Бейсенғалиева, 18 жаста, Шымкент
Эйлем Ахметова, 19 жаста, Алматы
Сания Арысова, 17 жаста, Тараз
Анжелика Гит, 19 жаста, Балқаш - Мисс Қазақстан байқауына алғаш рет қосылған қала
Карина Гурьянова, 20 жаста, Шымкент
Лиана Руденко, 18 жаста, Орал
Аружан Баратова, 18 жаста, Алматы
Зайнура Давидова, 23 жаста, Алматы
Әсел Исмағамбет, 21 жаста, Қостанай
Алена Маркалина, 20 жаста, Қарағанды
Айта кетейік, биыл Мисс Қазақстан байқауы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында 31 наурыз күні өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721240-kazakstan-aruy-bajkauynda-bak-synajtyn-arular-kimder/