Қазақстан тумасы Қытайда жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Жарияланған күні:
Қытай университетінде оқып жүрген 19 жастағы Валерий Катиев жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның туғандары тіпті Валерийдің неден көз жұмғанынан бейхабар деп хабарлайды NUR.KZ.
Қарағандының тумасы бала кезінен шетелде білім алуды армандаған. Ойлағаны іске асқанымен, ұзаққа бармады.
Күні кеше Валерийдің отбасына Қытайдан қаралы хабар келген. Оны қарағандылық жігітпен Қытайда бірге тұратын баланың анасы ұялы телефон арқылы хабарласып жеткізген. Оның айтуынша, жігіт тамақтан улану кесірінен көз жұмды
Келешегінен үлкен үміт күттірген баланың бақилық болып кеткеніне туғандары сене алмаған.
Катиевтер жанұясы өз бетімен марқұм денесін Қазақстанға әкеле алмайтын болып отыр. Оған бірнеше фактор кедергі келтіріп тұр. Біріншіден, Виталий Катиев Қазақстан тумасы болғанымен, азаматтығы ресейлік болып шықты. Құжат мәселесі дене тасымалы кезінде елеулі рөл атқаратыны белгілі.
Екіншіден, қаржы тапшылығы. Өзге елге барып қайтудың өзі қомақты қаражатты талап етеді. Ал марқұмды елге алып келу одан бірнеше есе көп шығын келтірмек.
Соған орай, Витайлийдің туғандары қайырымды жандардан көмек сұрауда. Қайырымды адамдардың кез келген көмегі, тіпті әрбір тиыны да біз үшін маңызды дейді олар.
Халық банкінің карта нөмірі: 4402 5765 0278 6754 ИИН 760327301350 Катиев Александр (әкесі)
Каспи әмияны: +7 747 550 31 60; Туылған кезі (терминал талап етеді): 26.11.1971 Катиева Оксана(анасы)
QIWI әмияны: 8 775 877 12 43
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721376-kazakstan-tumasy-kytajda-zmbak-zagdajda-kajtys-boldy/