Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталды
Опубликовано:
Астананың мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім шығарды. Экс-шенеунік енді 10 жыл абақтыда отыратын болды деп хабарлайды NUR.KZ.
![фото: novosti-bankov.ru фото: novosti-bankov.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx1rfifkglgps8.jpeg)
Оған қоса, Бишімбаев орденінен айырылып, мүлкі тәркіленеді.
Еске салсақ, мемлекеттік айыптаушы тарап Бишімбаевке 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Ұлттық экономика экс-министріне қатысты сот өткен жылдың қараша айынан бері жалғасып келеді.
Оған мемлекет қаржысын жымқырып, пара алды деген айып тағылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721566-kuandyk-bisimbaev-10-zylga-sottaldy/