"Құдайға сенбеймін": Отандық танымал актриса тағы да желіні дүрліктірді
Жарияланған күні:
Қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаеваның Instagram парақшасына жүктеген жазбасы көпшілікті таңғалдырды. Бәріне ұнауға тырыспайтынын айтқан ол көпшілік біле бермейтін қырларын жайып салған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұған дейін оның "8 наурыз мерекесін доғару керек" деген ойы халық арасында үлкен резонанс тудырған еді.
Ал соңғы жүктеген жазбасында ол оқырмандарын қоғамда қалыптасып кеткен стандарттарды бұзуға шақырды.
«Сәлем, менің есімім –Айсұлу. Жақында мен мынандай ой түйдім: Бәріне ұнау үшін тырысуды қою керек. Біз бәрінің көңілінен шығуға міндетті емеспіз», - деп бастаған актриса біреуге ұнағаннан гөрі, өз-өзін ұнатуды жөн көрген.
Оның жариялаған жазбасының мазмұны мынадай:
"Егер білмесеңіздер, мен феминистпін. Арасында боқтайтыным, ішімдік ішетінім бар. Мен темекі шегуді қойып, спортпен айналыса бастадым.
Махаббатқа деген сенімді жоғалтып, оны қайта таптым. Психотерапияның арқасында мен енді тұрмысқа шықпай, ана болмауға дайынмын. Алайда, күнде ғашық болудан бас тартпас едім.
Мен Құдайға сенбеймін. Дегенмен әлемнің бір бөлігімін.
Соңғы кезде киноға да қызығушылығым болмай кетті. Шашы қысқа актрисаларды біздің елде киноға алмайды ғой, білмесеңіздер.
Ертең мен 300 рет өз ойымнан айнып қалуым да ықтимал. Бірақ жазғым келген соң, жаздым. Пікір қалдыру функциясын өшіріп тастадым, маған жаман сөздер жаудырғанша, неге менің өміріме тым асқан қызығушылық білдіретініңізді ойлап көріңіз.
Менде бәрі жақсы, өйткені өзгерістердің бәрі әрқашан жақсылық шақырады",- деп қорытындылады Айсұлу.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721711-kdajga-senbejmin-otandyk-tanymal-aktrisa-tagy-da-zelini-drliktirdi/