Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

Опубликовано:

Наурыз мейрамы 14-22 наурыз аралығында Тараз қаласы мен аудандарда 9 күн бойы түрлі атаумен тойланып, әр күні өзінің ерекшелігіне қарай іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

14 наурыз - «Көрісу күні»

Бұл күні амандық-саулық сұрасып, үлкен-кіші қыстан аман-есен шығып, әз-Наурызға жеткеніне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектер айтатын күн. Аталған күні арнайы театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Нақты айтқанда, Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залының алаңында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен театрландырылған қойылым ұйымдастырылып, облыстағы барлық білім беру және мәдени ұйымдарында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, Тараз қаласында 1500 адам, ал аудандарда 10 000 адам қамтылды.

15 наурыз - «Мейірім күні»

Бұл күні тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға айрықша көмек көрсетіліп, облыс аумағында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Облыс әкімдігінің білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы жергілікті басшылар, ілкімді азаматтар Тараз қаласында, Сарымолдаев атындағы балалар үйі, №1,2 қарттар үйлеріне барып, сый-сыяпат жасап, 1000 адамға қайырымдылық көмектер берді. Сонымен қатар, бұл шара аудандарда да ұйымдастырылып, соғыс және еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

16 наурыз - «Тағзым күні»

Қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп саналған. «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата-бабалар рухына тағзым ету маңызды. Оның үстіне биылғы 16 наурыз аптаның жұма күніне сәйкес келіп отыр.

Сондықтан, бұл күні Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Һибатулла Тарази, Кеңесхан мешіттерінде және аудандардағы орталық мешіттерде арнайы құран бағышталады.

Одан бөлек, Тараз қаласы әкімдігі және жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жастардың Мәңгілік алау, «Даңқ» мемориалдары, Б.Момышұлы, А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов ескерткіштері, Жеңіс саябағындағы «Жеңіс» стелласына гүл шоқтарын қою шаралары өткізіледі. Аталған шараларға барлығы 2500 адам тартылады.

Сонымен бірге, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсиетінің ұйымдастыруымен «Атшабар» скверінде студенттердің мерекеге арналған театрландырылған көрінісі, спорттық ойындар ұйымдастырылып, 250 адам қамтылды.

17 наурыз - «Алас күні»

Алас – дегеніміз тазару деген мағынаны білдіреді. Бұл күн «Бұлақ көрсең - көзін аш» айдарымен жалпыхалықтық сенбілік өткізуге арналып, Наурыз мерекесіне дейінгі тазалық жұмыстарынан басталды.

Бұл күні Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында, орталық мешіт, Тұңғыш Президенті саябағы аумағында және аудандардағы елді-мекендерде облыс және қала, аудан басшылары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері т.б. қатысуымен аллеяларға, саябақтарға ағаштар отырғызу, сенбілік ұйымдастырылып, Тараз қаласынан 5000 адам, аудандардан 30000 адам жұмылдырылды. 5000 тал дарақ егіліп, 1000-ға жуық аула тазаланды.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық «Достық» алаңынан Желтоқсан-Сүлейменов көшелері-Абай даңғылы-орталық «Достық» алаңы бағытымен веложарыс өткізілді.

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

18 наурыз – «Наурыз шашу»

Жер-жерлерде киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің бойында арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Тараз қаласының 11 аумақтық округінде тұрмысы төмен отбасыларға дастархан әзірленді.

Осы күні, «Ұлттық мереке -ұрпаққа өнеге!» атты мерекелік бағдарлама, көрмелер, сурет салу байқауы өткізіліп, жалпы аталған шараларға Тараз қаласы бойынша 5000 адам, аудандарда 40 000 адам қатысты.

19 наурыз – «Ынтымақ күні»

Наурыз бірлікке, ынтымаққа шақыратын мереке, қайырымдылық айы болғандықтан, қоғамды қамқорлық, мейірімділік жасауға үгіттейді.

Бұл күні Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық үйінде» өңірдегі түрлі этномәдени орталықтарының мерекелік бағдарламалары, «Достық фестивальдері» ұйымдастырылып, Тараз қаласында 1000 адам, аудандарда білім беру және мәдени ұйымдарда 40 000-ға жуық адам тартылды.

Сонымен бірге, «Баласағұн» концерт залында «Тараз аруы-2018» байқауы өткізілді.

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды
Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: UGC

20 наурыз – «Шаттық күні»

Бұл күні жарық дүние есігін ашқан нәрестелерге жергілікті басшылық атынан дайындалған арнайы құттықтаулар жасалуда.

Облыс жастары Қ.Рысқұлбеков саябағында «Наурыз FEST» ұйымдастырылып, жоғары оқу орындары ұлттық салт дәстүрлерден көріністер қойып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді.

Наурыз мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

21 наурыз - «Үйлесім күні»

Бұл күні күн мен түн теңеліп, әдемі үйлесімділікке келеді. Бұл күні киіз үй қалашығында жастар «Селтеткізер, «Ұйқыашар» дәстүрлерінен көрініс ұйымдастырып, таңды қарсы алатын болады.

22 наурыз – «Ұлыс күні»

«Ұлыс күні» негізгі мерекелік шаралар 22 наурыз күні «Киіз үйлер» қалашығы, «Әз-Наурыз думан» атты театрландырылған көріністер қойылып, көпшілік серуен, ұлттық спорт түрлерінен ойындар, Наурыз көже, бауырсақ тарату ұйымдастырылады. Осындай мәдени шаралар аудан орталықтары мен ауылдық округтерде өткізіледі. Мерекелік шараларға Тараз қаласында 100 000 мың адам, аудандарда 600 000 адам қамтылады.

Сонымен бірге, Орталық «Достық» алаңында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты жас өнерпаздардың мерекелік концерттік бағдарламасы өткізіледі. Жалпы 5000 адам қамтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722523-nauryz-merekesine-oraj-tarazda-trli-is-saralar-jymdastyryldy/

pixel