Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы жылдары өзбек қыздарына үйленетін қазақ жігіттері көбейген

Опубликовано:

Соңғы үш жылда қазақ жігіттерімен тұрмыс құрған 3 мыңнан астам шетелдік қыз Қазақстан азаматтығын алған деп хабарлайды Kazakh_inform-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ жігіттері өзбек қыздарына көп үйленетін болған
Қазақ жігіттері өзбек қыздарына көп үйленетін болған: UGC

Басылымның мәліметінше, 2015 жылы - 2474, 2016 жылы - 1358, 2017 жылы - 1350 өзбекстандық қыз қазақ жігіттеріне тұрмысқа шығып, Қазақстан азаматтығын алған.

Жалпы, 2015-2017 жылдар аралығында 5 811 шетелдік қыз-келіншек Қазақстан азаматтарымен бас қосқан. Олардың басым көпшілігін өзбек бойжеткендері құраса, екінші орында – Қырғызсатнның, ал үшінші орында – Ресей елінің арулары тұр екен.

Қазақ азаматтары өмірлік жар етіп алатын қыз-келіншектердің тағы бір бөлігін Армения, Тәжікстан, Әзербайжан және Грузия сұлулары құраған.

Бір қызығы, аталған ақпаратқа қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.

Олардың бірі «шетел азаматымен тұрмыс құрған қазақ қыздары ғана емес, жігіттер де бар» десе, енді бірі «онда тұрған түк жоқ, бақытты болсын» деп пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724034-sogy-zyldary-zbek-kyzdaryna-jlenetin-kazak-zigitteri-kbejgen/

pixel