jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    Ләйлә Сұлтанқызы ұл-қызының оғаш қылығын байқаған ата-аналарға кеңес берді

    : UGC

    Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасына сурет жариялап, оқырмандарымен өз ойымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Желіде Ләйлә баларының бойынан оғаш қылық көріп, еш шара қолданбайтын ата-аналарды сынға алды. Баласының іс-әрекетін құрбысына немесе туысына айтатын аналарға ескерту жасаған тележүргізуші баланы психологқа апаруға кеңес береді.

    Сонымен қатар мектептердегі 500 баламен жалғыз психолог жұмыс істейтініне налыды.

    «Басында осындай жағдайы бар аналар қайда барарын, кімге айтарын білмейді... Ұл қызының іс әрекетінен оғаш қылық байқаса, көбіне құрбысына, мамасына айтады, сырласады. Басқаға айтса әңгіме болады деп қорқады.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Ал, психологқа бар дейін десең, кейбір психологтардың өзіне психолог керек. Сене де алмайсың, самоучка ма, дипломы бар ма адам түсінбейді.
    Көз алдыңызға елестетіңізші 500 бала оқитын мектепте 1 психолог, ол кімге жетеді, кімнің диагнозын терең зерттеп, анықтап отырады? Отчеты бар жазатын тағы да... Соған қарамай, аз айлық алса да жұмысын таза атқарып жүргендер қаншама. Ал, интернеттегі "ақылды" докторлар соңында БАД жарнамалап кетеді. Осыдан ойыма бір идея келіп отыр. Астанада жетінші сәуір күні белгілі психолог, сексопатолог, балалар гинекологы және заңгерлер жинаған үлкен отырыс өткізгелі отырмын», - деді Сұлтанқызы.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Тележүргізуші ұйымдастырғалы отырған жиын Астана қаласында өтпек. Оған ол барлық аналарды шақыратынын айтты. Қатысамын деушілер толық ақпаратты Ләйлә Сұлтанқызының ресми парақшасынан ала алады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.