Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да "зорланған" бала ісі: Полиция басшысы Селтанов шатылып жатыр

Опубликовано:

ОҚО-да "зорланды" делінген жеті жасар баланың ісі жаңа леп алып келеді. Өңірдегі криминалдық полиция бастығы Бауыржан Селтановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды "NewTimes.kz" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да "зорланған" бала оқиғасы: Полиция басшысыы Селтановтың үстінен іс қозғалды
ОҚО-да "зорланған" бала оқиғасы: Полиция басшысыы Селтановтың үстінен іс қозғалды: UGC

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ОҚО ІІД-нің қылмыстық істі тексеру полициясының бастығы Селтанов құзіреті мен қызметтік дәрежесін асыра пайдалану дерегі бойынша күдікке ілінді.

ІІД қызметкерлері қазіргі уақтытта тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Аталмыш іс «С-ИНФОРМ» Сарыағаш басылымының бас редакторы Амангелді Батырбековтың ІІД-не үндеу жазғанынан кейін ашылған.

Еске салсақ, ОҚО-да "зорланған" 7 жасар балаға қатысты сұмдық жайттар белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725190-oko-da-zorlangan-bala-isi-policia-bassysy-seltanov-satylyp-zatyr/

pixel