Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел асыға күткен "Әміре" фильмі өнер иелерінің көңілінен шықты

Жарияланған күні:

Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген "Әміре" фильмі көрерменге жол тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

fvbht

4 сәуір күні тұсауы кесілген туынды туралы зиялы қауым өкілдері мен өнер иелері тарапынан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Олардың көпшілігі аталмыш картина Қазақстан кино қоржынындағы өте сәтті шыққан дүниелердің бірі деп есептейді.

Осы орайда, танымал театр артистерінің пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов:

"Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен түсірілген "Əміре" фильмі жарыққа шықты. Аталмыш туындының тұсаукесеріне қатысып, алғашқы болып тамашалағандардың қатарында біз де бармыз.

Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жариялап, сəйкесінше мəдени мұраларымыз бен құнды жəдігерлерімізді, қазақтың біртуар азаматтарын жас ұрпақтың есіне салатын осындай киноның дүниеге келгеніне қуанып, көңіліміз жайланып қайтты.

Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде көпшілікті аузына қаратып əн шырқаған тұңғыш қазақ баласы - Əміре Қашаубаевтың сəулелі ғұмырынан сыр шертетін фильм əлемнің алпауыт елдерінде көрсетілетінін естіп, бір марқайып қалдық.

Бұл ретте Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тарапынан көрсетілген қолдау - қазақтың өзіне, мəдениеті мен өнеріне деген баға жетпес ілтипаты деп білеміз.

Айта кетерлігі, "Əміре" фильмі - қазақтың бойына біткен ерекше дарыны мен өзгелерден айқындап тұратын ақсүйектілігін көрсететін керемет картина. Сондай-ақ, кинода туған жерге деген құрмет пен сағыныш өте әсерлі әрі әдемі жеткізілген.

Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына тұспа-тұс келген бұл фильм әрбір көрерменнің көкейіне ой салып, лайықты бағасын алады деген сенімдеміз."
fvbht

Танымал актриса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Лидия Кәден:

"Күллі əлем көз тіккен Париж төрінде қазақтың атын шығарып, киелі домбыра үнімен əуезді əнін əуелеткен Əміре атамызға арналған фильм алтын қорға енері сөзсіз. Неге десеңіз, аталмыш картина өз бояуының қанықтығымен, шығармашылық, яғни актерлық құрамның шеберлігімен, операторлардың айрықша жұмысымен  жəне режиссерлік шешімімен кез-келген адамды баурап алады.

Ал фильмнің көздеген негізгі мақсаты - қарапайым ғана ауылдан шыққан қара домалақ баланың кіршіксіз таза жан-дүниесі мен бойындағы дарыны арқылы қазақтың өзіне ғана тəн дара қасиеттерін, тектілігін, қайсарлығын жəне ең бастысы құдіретті əн өнерін əлемге паш ету деп қабылдадық.

Сол себепті де бұл фильм əлемдік кино-аренаға шығып, небір додаларда топ жарып шығатынына кəміл сенеміз. Осы орайда, туындының дүниеге келуіне тікелей себепші болған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының еңбегін ескере кеткен жөн болар.

Көптеген көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жоғары бағасын алып үлгерген "Əміре" фильмінің сапалы əрі шынайы болуын басты назарға алып, қазақ мəдениеті мен өркениетінің дамуына үлес қосатын дүниенің жарыққа шығуына мұрындық болған министр мырзаға алғыс бідіргіміз келеді.

Расында, бұл кино-картина Əміре Қашаубаев, Мұстафа Шоқай секілді қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарын өскелең ұрпақтың есіне салып, олардың ел мен жерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыруға əсер етеді деп үміттенеміз".
fvbht

Белгілі театр және кино актері, "Серпер" сыйлығының иегері Бақыт Тушаев:

"«Әміре» фильмі бүгінгі жарқылдақ-жұрқылдақ, жастарға ұнайтын шимай-шатпақ мелодрамалардың қасында бұлт артынан жарқырап шыққан күндей болды. Түсірілім тобында шетелдіктер бой көрсетсе де, тақырып – өзіміздің қайталанбас, айрықша дарын иесі туралы болғандықтан бұл үлкен серпіліс деп айта аламыз.

Мәдениет министрі бастаған қазақтың зиялы қауым өкілдері мен өнер иелері киноны көріп, көзайым болдық. «Әміре» дегенде дархан даланың бар болмысын бойына сіңірген тума талант Әміре ойға келеді. Бірақ, басты рөлде Санжар Мәдиев ойнайтынын естігенде, «қаланың баласы дала дарабозын қалай сомдайды екен» деген күдік болды.

Алайда фильм басталған сәттен-ақ, мен өз ойыма қарсы шықтым. Бұл кино шетелдерде көрсетілгенде Санжар сомдаған образ арқылы қазақтардың қаншалықты кішіпейіл, интеллекті жоғары, сауатты және көрікті болатынын білсін деп ойладым.

Біздің алаш арыстары мен саңлақтарының ұлағатты өмірін әлемге паш етудің алғашқы баспалдағы бұл. Олардың парасатты болмысы мен келбетін ашатындай осындай дүниелердің жарыққа шығуына мәдениет министріміз Арыстанбек мырзаның да көмегі тиіп жатыр. Әрмен қарай жалғасын таба берсін деп тілейміз"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725303-el-asyga-ktken-mire-filmi-ner-ielerini-kilinen-sykty/