Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда қолы ашық азамат көпбалалы жанұяға миллион теңгесін бере салды

Опубликовано:

Оралда белгісіз азамат көпбалалы отбасына бір миллион теңгесін сыйға тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Яна немерелерімен бірге. Фото: uralskweek.kz
Яна немерелерімен бірге. Фото: uralskweek.kz: UGC

Өткен жұмада орта жастағы ер адам "Жұлдыз" қайырымдылық қорына 1 миллион теңгесін аударған.

Есімін жария етпеуді қалаған азамат аталмыш қаражатты төрт немересін бағып отырған Яна Плотниковаға сыйға тартты.

Еске салсақ, Яна төрт немересін жалғыз өзі жатақханада бағып отырғаны хабарланған болатын.

Төрт баланың анасы оларды тастап кетіп қалған екен. Ал жатақхана қожайыны Янаға бөлмені 1 миллион теңгеге сатуға әзір екенін айтқан.

Ондай қаражаты жоқ кейуана көпшіліктен көмек сұрайды. Орал тұрғыны кейуананың жанайқайына бей-жай қарамай, 1 миллион теңгені сыйға тартуды ұйғарған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725650-oralda-koly-asyk-azamat-kpbalaly-zanaga-million-tegesin-bere-saldy/

pixel