Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа хит: Той иелері ел алдына диванмен шалқайып шыға бастаған (видео)

Опубликовано:

Зың-зың әні мен жайлы диван қазақ тойларының жаңа хитіне айналған. Осылай деген Тараз қаласының тұрғыны NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, сәнге құмар қазақстандықтар туралы пікірін білдірді.

Оқырман жолдаған видеоджазбаларда өздерінің 30 және 40 жас мерейтойларын атап өткен той иелері диванға отырып алып, халық алдына шыққан.

Осыған дейін таққа отырған бала мен шаңырақ астына тұрған келіншек қазақ тойларының қалыпты сценариі еді. Енді көпшілікті таңғалдырып, жиынын қызықты ету үшін қазақстандықтар диванға отырып алып, сырғанап шығуды ды сәнге айналдырыпты.

Тараз қаласының тұрғыны аталмыш сәнді толық қолдайтынын айтады. Жас жігіт тойға келген қонақты күлкіге батыру үшгін бәріне дайын екенін жеткізді.

"Той болған соң ойын-күлкі болғаны дұрыс шығар. Ал халыктың алдына жақсы көңіл-күймен шығу - тойдың жақсы өтуіне ықпал тигізеді деп ойлаймын", - дейді Ержан Балқожаев атты оқырман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725761-zaa-hit-toj-ieleri-el-aldyna-divanmen-salkajyp-syga-bastagan-video/

pixel