Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үш қорап шай ұрлаған тұрғын сотталып кетті

Опубликовано:

Атырауда қаладағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан дүкеннен шай ұрлаған тұрғын бір жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pravo.moe
Көрнекі фото: pravo.moe: UGC

Дүкенге келіп өзін сауда өкілі ретінде таныстырған азамат сатушыға үш қорап "Чемпион" шайын берсең, 10 қорап тауық етін әкеліп беремін деп уәде етеді. Бірақ, сатушы шайды әкелген бойда, күдікті қашып кетеді.

Ол осылайша сатушыға 78 000 теңге шығын келтірген.

Сотта өз ісіне өкінетінін айтқан сотталушы, өзін қатаң жазаға кеспеуді сұрап, шығынды өтуге уәде берді.

Сот кінәлі адамды Қылмыстық кодекстің 190 бабы 1 бөлімімен айыпты деп танып бір жылға пробациялық бақылаумен бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725873-atyrauda-s-korap-saj-rlagan-trgyn-sottalyp-ketti/

pixel