Алтын адам: Ринат Зайытов Сапарбаевты жер көкке сыйғызбай мақтады
Опубликовано:
Ақтөбеде өткен республикалық ақындар айтысына келген Ринат Зайытов қатты қуанғанын жасырмады. Көптен ақындар айтысына шақырылмай, елеусіз қалып жүрген ақын ақтөбеліктерге ерекше жыр арнап кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
![Бердібек Сапарбаев пен Ринат Зайытов. Коллаж: NUR.KZ Бердібек Сапарбаев пен Ринат Зайытов. Коллаж: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5vqlqhimrpa.jpeg)
Ақын облыстың әкіміне арнап жыр-шумақтарын төкті
"...Еңбегін ерлерімнің елейінші
Ағайын әзілім деп ойламаңдар,
Мен де бір әкім мақтап көрейінші.
Ақтөбе өзгерместей жарқыраған,
Ұнады бұзылмаған салты маған.
Бұл жерді бір-ақ жылда жұмақ қылған,
Негізі Сапарбаев алтын адам.
Осындай ер бұйырған маңдайына,
Болсыншы, мына отырған халқым аман.
Ісі де жұрт көңілінен шығатындай,
Айтқаны көңіліне қонатындай
Ақтөбе бір-ақ жылда болыпсың ғой,
Кіші жүз астанасы болатындай", - деп шырқаған шығыстық ақын Зайытов Сапарбаевқа ерекше құрмет көрсетті.
Ақын жырында өзінің айтыстарда шеттеп қалатынын да жасырмады.
"...Бұл күнде бұл қазақта обылыс көп,
Ай сайын үш-төрт айтыс болғызатын.
Астана, Алматыға жолатпайды,
Қылмыскер болмасам да заң бұзатын.
Атырау, Қызылорда мен Ақтауға да,
"Жолатпа" дейді мендей жауды жақын.
Жалғыз-ақ Сапарбаев көкем болып тұр,
Өзімді аттай қалап алғызатын.
Барлық облыстың ішіндегі
Ринаттан қорықпайтын жалғыз әкім" ,- деді ақын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727887-altyn-adam-rinat-zajytov-saparbaevty-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/