Сізден басқа жоқ Құдай: Қазақ ақыны Назарбаевты тағы да Құдайға теңеді
Опубликовано:
Елбасы мен оның отбасына өлең арнаумен танымал ақын Балтабек Нұрғалиев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кезекті жыр шумағын арнап, президентті тағы да құдайға теңеді деп хабарлайды NUR.KZ.
![Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx1rsciedsl0p.jpeg)
Ақын президентке арнаған өлеңін Facebook парақшасында жария еткен.
Жұмақ-есті Жаратқан
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ізгі ниетпен арнадым!
Уа, Нұр-Атам – Құдайым,
Сайтан қашқан сесінен.
Жұмақ аңқыр ылайым,
Елбасылық есінен!
Сізден басқа жоқ Құдай,
Құдай тұтам мен, расы.
Елім айтар дөп бұлай:
"Есі жұмбақ елбасы"!
Бақ боп бізге бұйырған,
Қазағымның құт-ары.
Жүректерге құйылған,
Жұмақ-Естің жұпары.
Қазақ дейтін әлсізді,
Ел еттіңіз ерікті.
Өмір дейтін мәнсізді,
Гүл еттіңіз көрікті.
Барлық мадақ тән Сізге,
Таңым үшін әр атқан.
Қуат қазақ – әлсізге,
Жұмақ-есті жаратқан.
Құдайым деп құптағам,
Бар әмірің – бақ-үлес.
Жұмақ-Есті ұқпаған
жанның бәрі – Жарым-Ес.
Еске сала кетейік, Балтабек Нұрғалиев бұған дейін де президентке жыр шумақтарын арнаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728128-sizden-baska-zok-kdaj-kazak-akyny-nazarbaevty-tagy-da-kdajga-teedi/