Ләйлә Сұлтанқызы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаймын деп күйеуінен сөз естіген
Жарияланған күні:
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Dalanews.kz порталына берген сұхбатында өзін сынға алып, сыртынан сөйлетіндерге жауап берді. Тіпті танымал тұлға қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеремін деп жұбайынан сөзде естіген деп хабарлайды NUR.KZ.
"Әйел бақыты" бағдарламасын бес жыл бойы жүргізген Ләйлә Сұлтанқызы қоғамдағы шулы тақырыптарды көтеріп, эфирде қызтекемен де, жезөкшемен де сұқбаттасқан болатын. Алайда қоғам мұндай мәселелерді ашық талқылауға дайын еместігін танытып, тележүргізуші сынға алған.
Дегенмен Ләйлә Сұлтанқызының өзіне сын тағатындарға айтары бар.
"Білемін. Мені сынайтындарды да, сыртымнан сөйлейтіндерді білемін. "Оңбаған Ләйлә эфирге жезөкшені шығарды, қызтекені шығарды жарнамалап… Ұяты қайда?!" дегендерді де естідім. Жарайды, мен-ақ жаман болайын. Менен кейін қоғамдағы сорақы көріністердің бәрі ізім-ғайым жоғалып жатса кәнеки?! Жоқ, жоғалмайды. Мен айтпады екен деп, гей жігіттер азайып жатыр ма? Мен айтпады екен деп, жезөкшелер жоғалып жатыр ма? Сосын бұл жарнама емес. Мұның бәрі бар. Болған. Бола да береді", - деген журналист әлеуметтік желіде қызтеке болуды үйрететін сайттар толып жақанын айтады.
"Біле білсеңіз, ВКонтактідегі гейлер өзара қазақ тілінде сөйлеседі. Бұған кім тосқауыл қояды? Мұны кім зерттеп жатыр? Ауылдан келген балаларға қалай қызтеке болуды үйрететін сайттар белуардан келеді. ВКонтактідегі порно топтардың аяқ алып жүре алмайсыз. Міне, осы топтарға қазақтың 10-12 жасар балалар кіреді. Әке-шешесі қолдарына смартфон ұстатып қойған. Балаларының не тындырып жүргенін білмейді де… Ал мұны кім бақылайды? Кім жолын кеседі? Қазір мұны мен айтайыншы, жеккөрінішті боламын. Жаманатқа қаламын", - деген тележүргізуші ақыры жарынан сөз естіген.
"Ақыры күйеуімнен сөз естідім. "Айналайын, тыныш жүрші. Аулақ жүрші. Парақшаңнан пайда тап одан да. Бұған бола неге сонша күйінесің?" деді ол. Жарайды, үндемей-ақ қойдым. Бес жыл, он жыл өтер. Қазіргіден де сорақы жайттарға куә боламыз. Себебі, айтқымыз келмейді. Көрмегендей, білмегендей боламыз", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728516-ljl-sltankyzy-kogamdagy-zekti-mselelerdi-kozgajmyn-dep-kjeuinen-sz-estigen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.