Ерекше көрікті қазақ қызы Нью-Йорктің сән әлемін қалай бағындырды? (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық модель Бибісара 2014 жылы Нью-Йорктің сән апталығына қатысқаннан кейін супермодель атағына ие болған. Ерекше көрікті қазақ қызының өмірінен бірқатар деректерді ZTB.kz сайты ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бойжеткен Бибі есімімен танымал болған. Белгілі журналдар оны өз мұқабасына шығару үшін таласа бастайды. Бүгінде Степногорск тумасы АҚШ-та тұрып жатыр. Арудың мансабы күн санап жоғарылай түсуде.

Бибісара 13 жасынан бастап сән әлеміне аяқ басқан. Ол кезде Бибінің бойы 1,76 метр болатын.

2008 жылы Бибі Top Model Asia финалына өтіп, Нью-Йоркке аттанады. Ол Benetton, Uniqlo, Salvatore Ferragamo, Puma, Schwarzkopf атты брендтермен жұмыс атқарған.

Бибі Милан, Нью-Йорк, Париж және Токиода сән апталықтарында модель болып, бүгінде түрлі түсірілімдерге қатысуда.



Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729349-erekse-krikti-kazak-kyzy-nu-jorkti-sn-lemin-kalaj-bagyndyrdy-foto/