Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қатыгез ана сәбиін пакетке салып, көшеге тастап кеткен

Опубликовано:

ШҚО-да тағы бір қатыгез ана өз сәбиін пакетке салып, көшеге тастап кеткен. Шетінеп кеткен шақалақтың өлі денесін қала тұрғындары тауып алған деп хабарлайды yk-news-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Аталмыш ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Кейін белгілі болғандай 27 сәуір күні қала тұрғындары Ворошилов көшесінің бойынан сәбидің өлі денесін тауып алған. Оны анасы пакетке орап тастап кеткен екен.

Басылымның мәліметінше, аталған жайтқа қатысты құзырлы органдар түсініктеме беріп те үлгерген.

"Тұрақты мекенжайы жоқ 36 жастағы тұрғын арнайы дәрілердің көмегімен түсік жасатқан. Күдікті деп танылған келіншекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі мамандары.

Айта кетерлігі, облыста осындай жағдай осымен бірнеше рет орын алып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729375-sko-da-katygez-ana-sbiin-paketke-salyp-ksege-tastap-ketken/

pixel