Қостанай облысында жеті жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Опубликовано:
Қостанай облысы Затобол кентінде жеті жасар қыз жоғалып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
![Қыз бала. Көрнекі фото: Приморская газета Қыз бала. Көрнекі фото: Приморская газета](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx35ktio6h9cfg.jpeg)
Сынып жетекшісі Ұлмекен Тұрлыбекованың айтуынша, жеті жасар Дарья Мельникованы іздеуге мектеп ұстаздары да жұмылған.
Қыз бала сабақ біте салысымен, үйіне кеткен. Алайда сол беті хабарсыз кетіпті.
"Бұл жайт бүгін 11:30-да болды. Бәріміз жиналдық. Мұғалімдер Дашаны іздеу үшін Затобол кентіне аттанды. Полицияға да хабар берілді", - дейді Тұрлыбекова.
![Даша. Фото: Алау Даша. Фото: Алау](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx12m4rhcuaftg.jpeg)
Қыз бала алқызыл күртешеде болған. Оны көрген-білгендер болса, 87145527188 нөміріне немесе 102 нөміріне хабарласуына болады.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729461-kostanaj-oblysynda-zeti-zasar-kyz-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/