Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп бітіру кешіне 100 мың теңгеден жинап жатқан алматылық ана жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Алматы мектептерінің бірінде оқушының ата-анасы бітіру кешіне 100 мың теңге төлеуге мәжбүр екенін айтып, шағымданды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бітіру кеші. Көрнекі фото: stranaskazki.ru
Бітіру кеші. Көрнекі фото: stranaskazki.ru: UGC

Шағым Алматы білім беру басқармасының блогында жария етілген. Әйелдің айтуынша, жиналыс кезінде ата-аналар комитеті бітіру кешіне 100 мың теңгеден жинау шешімін шығарған.

Оның өзінде бұл бір оқушыға шаққанда тек бастапқы шығын болуы мүмкін екен.

"Сағаты 16000 теңге тұратын лимузинмен қыдырады. Талғар тас жолындағы мейрамхана тағы бар", - дейді алматылық келіншек.

Оқушының анасы мекеме басшылығынан шара қолдануын сұрауда.

Tengrinews.kz порталына білім беру басқармасы бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. Онда Алатау аудандық білім бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы немесе басқарманың орта білім бөліміндегі басшысы толық ақпарат беруге міндеттелгені сөз етілген.

Ақпарат қолға түсе салысымен, бұл жайт толыққанды тексерілетін болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729740-mektep-bitiru-kesine-100-my-tegeden-zinap-zatkan-almatylyk-ana-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel