ОҚО-да бір топ "сақалды" жігіт тұтқынға алынды (фото)
Опубликовано:
Оңтүстік Қазақстан ІІБ мен Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері экстремистік идеология насихаттаушы сегіз адамды ұстады. Тұтқындалғандар басқаларды жат діни ағым жетегіне итермелегені үшін айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жедел тергеу шараларының нәтижесінде ОҚО-да 8 адамнан тұратын күдікті топ қолға түсті. Олар жат идеология туралы аудио және видео хабарламаларды таратумен айналысқан.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731047-oko-da-bir-top-sakaldy-zigit-ttkynga-alyndy-foto/