Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құлдыққа түскен бойжеткен жантүршігерлік жайтты баяндады (фото)

Жарияланған күні:

Төрт жыл бойы тәнін саудалап, өзін "құлдықта болдым" деп жар салған бойжеткен "Бірінші Еуразия" арнасына сұхбат берді. Айтуынша, оған ортадағы жеңгетайлар үй қызметшісі қызметін алдап ұсынып, бір күннен соң жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол басынан өткен азапты күндерін баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Құлдықта жүрген бойжеткен өзінің азапты өмірі туралы айтты
Құлдықта жүрген бойжеткен өзінің азапты өмірі туралы айтты: UGC

Күніне әкесіндей оннан астам ер-азаматпен төсектес болған бойжеткен қараңғы қапастан жылдар бойы құтыла алмай әлек болғанын айтады. Ол қанша қашуға ұмтылғанымен, ұсталып, одан екі есе артық жұмыс істеуге мәжбүр болғанын жеткізді. Жантүршігерлік азапты күндерді бастан кешірген Раушан Нүсіпова басынан өткенін бұқпасыз айтып берді.

Тілінің кемістігі бар бойжеткен тіпті дұрыс сөйлей алмайды. Ол мектепті арнайы интернатты бітірген. 2014 жылы Ұзынағаштан Алматыға қарай таксиге отырған оған көлік жүргізушісі үй қызметшісі болуды ұсынған. Оған сеніп қалған қыз бір күннен-ақ сорлап қалғанын айтады. Бір күн үй тазалаған оны ертесінде қонақүйге арын сатуға жіберген. Қарсыласса таяқтың астына алған.

"Пышақпен де ұратын басымды қанатып. Жұмыс істей алмай, он мың теңге апарған кезде қылғындырып, бауыздаймын, үніңді шығармай дейтін. Ешкім сені құтқарып алмайды деп қорқытты", - дейді Раушан Нүсіпова.

Жеңгетайлар оны он еркекке қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, күніне жиырма мың теңге сұраған.

Оның айтуынша, өзі сияқты құлдықта жүрген тағы он бес қыз бар.

"Қазағы да, қырғызы да, өзбегі де бар. Қарақалпақ та бар. Он бес шақты қыз. 94-97 жылғылар да бар. Күніне план қоятын. Жиырмадан жоғары. Жиырмадан төмен істеме дейтін. Істемесең оқтаумен таяқ жейсің", - деп мұңын айтты ол.

Раушан құлдықтан 20 сәуір күні қашып шыққан екен. Он күн далада түнеген оны "Саяхат" базарының маңынан жеңгетайлардың бірі көріп қойған екен. Қорлыққа қайта барғанша, көлік астына түскен артық деген бойжеткен базарға қарай жүгірген. Дәл осы жерде оны жеңгетайдан желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс арашалап қалыпты.

"Билік білмейді дегенге мен сенбеймін. Мүмкін жоғары билікке бұл жетпейтін шығар. Төменгі билік, Түрксіб ауданының жергілікті әкімшілігінің, құқықтық органдардың мұны білмеуі мүмкін емес", - дейді желтоқсаншы.
Құлдықта жүрген бойжеткен өзінің азапты өмірі туралы айтты
Құлдықта жүрген бойжеткен өзінің азапты өмірі туралы айтты: UGC

Мынау Дулатов, 17 көшесіндегі қонақүй. Раушан күнде кешкі алтыдан таңғы алтыға дейін оннан астам адамға дәл осы ғимараттың екінші қабатында қызмет көрсеткенін айтады.

Ғимараттың бірінші қабаты көлік жөндеушілердің еншісінде болса, екінші және үшінші қабаты қонақүй екен.

"Күнде әкеліп, алып кетеді. Атауы жоқ (ред. - қыздарды)", - дейді жергілікті тұрғындар.

Қазіргі таңда қызды өз қарамағына алған еріктілер аурухана табалдырығын тоздырып жүр.

Еске салсақ, ІІД күні кеше бұл жайтқа қатысты ресми пікір білдірген еді.

«Н. есімді азаматтың арызы ҚР ҚК 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, ІІД-не жеткізілді. Жедел және тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731056-almatyda-kldykka-tsken-bojzetken-zantrsigerlik-zajtty-baandady-foto/