Экс-шенеунік: Әкімдіктің көлігімен көңілдесімді емес, анамды тасыдым
Опубликовано:
Ақтөбеде әкімдіктің көлігімен анасын тасыған шенеунік мемлекеттік қызметпен қоштасқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қала әкімінің бұрынғы аппарат басшысы Жұман Зиненің әрекеті осыған дейін тәртіптік кеңесте қаралған болатын. Ол қонаққа барған анасын әкімдіктің қызметтік көлігімен тасып ұятқа қалды. Бірақ экс-шенеунік бұл әрекетін оғаш санамайды екен.
"Онда тұрған не бар? Мен көңілдесімді емес, анамды апарған болатынмын", - дейді Жұман Зине.
Қала әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген экс-шенеунік қазір жеке бизнесте жүргенін айтты.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731121-eks-seneunik-kimdikti-kligimen-kildesimdi-emes-anamdy-tasydym/