Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ әншісі күйеуінің тоқал алуына қарсы болатын әйелдерді сынап тастады

Жарияланған күні:

Танымал қазақ әншісі Досымжан Таңатаров тоқал алуды бүгінде кез келген жігіт армандайтынын айтты. 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сұхбат берген әнші күйеуіне "тоқал алып беруге" қызғанышы жібермейтін әйелдерді сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақ әншісі күйеуінің тоқал алуына қарсы болатын әйелдерге ақыл айтты
Қазақ әншісі күйеуінің тоқал алуына қарсы болатын әйелдерге ақыл айтты: UGC

Оның айтуынша, "күйеуіме тоқал алып беремін" деп жар салған Роза Әлқожаның әрекетін екінің бірі қайталай алмайды. Оған себеп - әйелдердің қызғанышы.

"Роза тіптен ақылы кең, көпті көрген әйелдер айта алмаған сөзді айтты. "Мен жолдасыма тоқал алып беремін", - деген жария сөзіді айтты. Оны одан да зор әйелдер айта алмаған. Әпере ме, әпермей ме - мәселе онда емес. Мәселе ер-азаматының оған деген құрметінің бір қайтарымы ретінде айтты, өзін соншалықты әлпештегенінің, оның әл-қуатының мықты екенінің белгісі", - деді ол.

Сонымен бірге әнші тоқал алу - кез келген жігіттің арманы екенін де айтып қалды.

"Барлық жігіттің арманы. Міндетті түрде оны орындау, орындамау деген мәселе емес. Шатастырмауымыз керек. Абзалы - бір әйел ғой. Қолыңнан келсе, шамаң келсе деген мағынада ғой. Бұл жерде шамаң дегенде де дүние немесе мінезің ғана емес, жалпылама ер-азаматтың бойындағы дүние. Қолдан келсе, неге істемеске?! Ол барлық ер азаматтардың ойындағы дүние. Бірақ біреудің қолынан келеді, біреу келмесе де талпынып жатыр, шатасып жатыр, қателесіп жатыр дегендей.
Әйелдерге соншалықты таңғалатыным: сол сөзді айтуға оның батылы жете алмай қалады. Батылдық емес, қызғанышы жібермейді. Сол сөзді айтса да, бүгін алып келейін деген әңгіме жоқ. Ер-азаматтар мақтағанды жақсы көреді ғой. Солай құрмет жасап жатса, олар марқайып қалады ғой", - деген сенімде Таңатаров.

Әншінің пікірінше, тоқал алу туралы екінің бірі ойланғанымен, ойын іске асыру тек таңдаулыларының ғана қолынан келеді.

"Оны бәрі айтады. Кімді танисың, мен еркекпін деп жүрген жігіттердің барлығының аузындағы сөз. Екінің бірі айтады. Бірақ іске асырып жүргендер өте аз. Олар шаммен іздеп жүріп табатын азаматтар. Оларға қосыла алмай жатырмыз ғой. Міне, сондай азаматтарға құрмет көрсетіп, соларды насихаттау керек", - деп сөзін түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731675-kazak-nsisi-kjeuini-tokal-aluyna-karsy-bolatyn-jelderdi-synap-tastady/