Шымкентте тек байлар тұратын қалашық бой көтереді (фото)
Жарияланған күні:
Шымкентте бай-бақуаттылар қалашығы пайда болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Шымкенттің элиталы топтағы тұрғындары енді су жаңа қалашықта көрші боп тұратын болды. Шаһарда жаңа Park Residence деп аталатын қалашық пайда болды.
Мұнда көздің жауын алатын 250 үй бой көтеретін болады. Қазіргі таңда жиырма шақты үй сатылып қойған.
Қалашықты салған кәсіпкер, Шымкенттің экс-әкімі Қайрат Молдасейітов қазіргі таңда алғашқылардың бірі болып отбасымен осындағы үйлердің біріне көшіп келді.
Жалпы мұндай жобаны салу идеясы меценат азаматқа жеті жыл бұрын келген. Өзіне өмір сүру үшін ыңғайлы болатын жер іздеп басы қатқан қалталы азамат білек сыбана кірісіп кетеді.
"Кезінде мен жақсы жерде тұрғым келді, жан-жағымда жақсы нәрселер болса деп ойладым. Әлемге әйгілі Porsche көлігінің иесі де кезінде жақсы көлік іздеп, таппаған соң өзі құрастырған ғой.
Сол сияқты мен де тұратын жақсы жер іздедім. Жеті жылдай дүние жүзін аралап шықтым. Дубайда, Шанхайда, Ыстамбұлда, Еуропаның басқа да қалаларында болып қалашықтарын көрдім. Шымкенттегі бұл қалашық Қазақстан былай тұрсын, Орталық Азияда теңдесі жоқ", - деді кәсіпкер Молдасейітов.
Жаңа қалашықтың таныстырылымына Шымкенттің көптеген "дөкейлері" келіп, таң тамаша болды.
Айта кетерлігі, мұндағы коттедждер мен таунхаустардың әр шаршы метрі 260 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ балабақша, спорттық алаңша, сегіз жүз метрлік жүгіру алаңшасы, фитнес және мейрамхана сынды қажеттіліктердің барлығы қалашық ішінде орналасқан.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732033-symkentte-tek-bajlar-tratyn-kalasyk-boj-kteredi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.