Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқа ғұмырында елдің жүрегін жаулап үлгерген қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото)

Жарияланған күні:

Ғұмыры қысқа болса да, қазақ журналистикасында өз орнын сайлып, ел жүрегін жаулап үлгерген журналист Руслан Бөлебай 16 мамыр күні дүниеге келген. NUR.KZ порталы Руслан Бөлебай туралы естеліктерді оның туған күнінде ел назарына ұсынады.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізген Руслан Бөлебай әншілікті де қатар алып жүрді. Оның "Кең дала", "Сен болмасаң", "Жанарым", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Кешікпей келем деп ең", "Махаббатпен ойнама сен", "Іңкәрім-ай" әндері көрерменнің жүрегіне жол тапқан еді.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

2009 жылдың шілдесінде Руслан Бөлебайдың жол апатынан қайтыс болғаны туралы ақпарат жұртқа ауыр тиеді.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Жасы енді 24-ке келгенде, жалпақ жұртқа танымал болып үлгерген Русланның қазасы халық үшін оңайға соқпады.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Журналистің досы болған қобызшы Ақерке Тәжібаева Русланның өмірінің соңғы кезеңдерін былай еске алады:

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

"Руслан өмірден озарынан 2-3 күн бұрын Көктөбеге шығайық деген. Көктөбеге шығып, Руслан «кейін мен сендерге Алматының төбесінен қарап тұрамын» дегені бар", - деп жазады Тәжібаева.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Айта кетсек, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы орталық көшелердің біріне Руслан Әбсаттарұлы Бөлейбайдың есімі берілген.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Русланның қазасы оның отбасындағы жалғыз қайғылы жағдай емес. Оның өмірден озардан бір жыл бұрын ағасы да жол апатынан қайтыс болған.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

Журналистің әріптестері оны еске алып, жыл сайын жазба қалдырады.

"Айқын" газетінде жұмыс істейтін журналист Асқар Беков Русланға қатысты естеліктерін ортаға салды.

Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды
Руслан Бөлебай. Фото ашық дереккөздерден алынды: UGC

"Дүние жалған. Кеше бар едің, бүгін жоқсың. Арамызда жүрсең бүгін 33-ке келер едің. Бірақ бізге Алла Тағала 333 жас берсе де аз көреміз. Қанағаттығымыздың аздығынан болар. Сондықтан дәм-тұзымыз таусылғанға дейін адал болуды, иманнан аттамауды Алла тағала жазсын.

Сен 24 жасыңа дейін адал болдың, еңбекті сүйдің, хақ жолда жүрдің... Иманды бол, досым!", - деп жазды Беков Facebook парақшасында.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732072-kyska-gmyrynda-eldi-zregin-zaulap-lgergen-kazak-zurnalisi-turaly-ne-bilemiz-foto/