Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазға екі апта қалғанда еліміздің кей өңірлерінде қар жауады

Опубликовано:

Жазға екі апта қалғанда еліміздің бірқатар аймақтарында жабысқақ қар жауады. Синоптиктер республиканың солтүстігі мен орталығында суық сақталатынын ескертеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жазға екі апта қалғанда еліміздің кей өңірлерінде қар жауады
Жазға екі апта қалғанда еліміздің кей өңірлерінде қар жауады: UGC
"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Батыс Сібірден арктикалық суық фронт жылжып келеді. Оның ықпалынан күн суытып, жауын-шашын болады. Кей жерлерде жаңбыр соңы жабысқақ қарға ұласады. Ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанады", — деп хабарлады Қазгидромет.

Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа-райын төменгі атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Бұл өңірлердің кейбір жерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Батыста ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732157-zazga-eki-apta-kalganda-elimizdi-kej-irlerinde-kar-zauady/

pixel