Жарияға жар салмай қан тапсырған астаналық кәсіпкерлер елді сүйсіндірді (фото)
Опубликовано:
Астаналық кәсіпкерлер елорданың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "Донорлық көмек" қайырымдылық акциясына қатысып, қан тапсырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Эльвира Жүргенбаева өзінің Facebook парақшасында жариялаған.
Оның жазуынша, елордалық кәсіпкерлер жарияға жар салмай, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүр екен.

"Жақында ғана Астанада "Донорлық көмек" атты акция бастау алған. Осы орайда, бас қаламыздың 20 жылдығына қарай кәсіпкерлер жаппай қайырымдылық жасап, қан тапсырып жүр.
Бар-жоғы екі күннің ішінде акцияға жүзден аса адам қатысып, 37 литр шамасында қан жиналған. Мамандардың сөзінше, бұл мөлшер 246 адамның өмірін құтқарып қалады екен.

Мені бұл жаңалық қатты таңғалдырды. Жүректеріндегі жылу мен қайырымдылығы үшін Астана тұрғындарына алғыс білдіргім келеді", - деп жазады ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732167-zariaga-zar-salmaj-kan-tapsyrgan-astanalyk-ksipkerler-eldi-sjsindirdi-foto/