Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан басталды: Ораза ұстаған адам неден тыйылуы керек?

Опубликовано:

Бүгін 12 айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айы басталды. Осыған орай ауыз бекітіп, ораза ұстаған жандардың неден тыйылып, қандай әрекеттен аулақ болуы керектігін NUR.KZ порталы жазады.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Ең алдымен оразаны бұзбайтын нәрселерге тоқталайық.

Uraza.ws сайты ұсынған мәліметтерге сүйенсек, ұмытшақтықпен ішіп-жеп, жыныстық қатынасқа барған адамның оразасы ашылмайды.

Осыған қатысты Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Егер адам Рамазан айының ораза күнінде ұмытшақтықпен тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеуге де тиісті емес» (әл-Хаким 1/420, әд-Дарақутни 2/178.

2. Түкірік пен қақырықты жұту. Ораза кезінде түкірік жұтуға рұқсат етілетіндігі жайында ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. Тіпті егер адам әдейі түкірігін жинап, кейін оны жұтып жіберсе де, ең дұрыс пікірге сәйкес, оның оразасы бұзылмайды. Қз.: “әл-Муғни” 3/106. Алайда бұлай істемеген дұрыс екен.

3. Құшақтасу мен сүйісу. Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүйюге, құшақтауға және аймалауға рұқсат етіледі.

Айша, Аллаһ оған разы болсын, былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын» (әл-Бухари 1927, Муслим 1/65).

Яғни, ауызы берік адам егер бұл жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетініне нұсқайды.

Ал егер адам әлсіз болса, әрі өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол бұдан тыйылғаны жөн.

4. Бой дәреттің (ғусл) жоқтығы. Бірде Умм Сәләмадан «Жүніп күйінде таңды қарсы алған еркек ораза тұту керек пе?», — деп сұрағанда, ол: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) поллюция (өздігінен ұрық шығып кетуі) себепті емес, әйелімен өткізген түннен соң таңды жүніп күйінде қарсы алатын. Сосын ол ораза ұстайтын әрі сол (күнгі) оразаны қайта өтемейтін», — деген (Муслим 2/80).

islamdini.kz сайтының мәліметінше, оразаны бұзатын жағдайлар төмендегідей:

1) Тістерді тіс пастасымен тазалау мәкрух, пастасыз болса мәкрух болмайды.

2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.

3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.

4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.

Мәкрух болмайтындар:

1) Рамазанда құптаннан кейін ерлі-зайыптылар бірге болса, біраз ұйықтап кейінірек ғұсыл аламыз десе, оянған кездерінде күн шыққан болса, оразаларына зиян тимейді, бірақ намаз оқу үшін алғашқы мүмкіндікте шомылу керек.

2) Оразаны жіберіп алмау үшін етеккірді (хайызды) дәрімен кешіктіру күнә емес. Бірақ олай істемеген абзалырақ.

5) Ораза кезінде хайызы басталған әйел ораза ұстаған адам сияқты жүрмейді, ішіп-жей алады.

Ораза ұстау үшін жеңілдіктер

1) Шөлдеген кезде шөлдеу сезімін азайту мақсатында ауызды сумен шаю, сергу үшін басқа суық су құю, суық сумен жуыну.

2) Темекі қажеттілігін сезген кезде темекі пластырін жабыстыру.

3) Ауыратын, ревматизм бар жерлерге спрей себу немесе мазь жағу, жүрек ауруында кеудеге қойылатын дәрі, пластырь қолдану.

4) Аштықты сезген кезде емдеуде қолданылатын инелерді батырып аштық сезімін кетіру немесе аштық лентасын қолдану (бұлар әрі аштық сезімді кетіреді, әрі салмақ жинауға көмектеседі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732200-ramazan-bastaldy-oraza-stagan-adam-neden-tyjyluy-kerek/

pixel