Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "жеңгетайды" түрмеден арашалап қалған прокурор істі болды

Жарияланған күні:

Алматыда прокуратора басқармасының басшысы мен Наурызбай ауданының ІІБ-нің тергеушісін соттап жатыр. Екі шенді өз лауазымдарын асыра қолдану арқылы бірқатар құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталуда деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: akura-roll.ru
фото: akura-roll.ru: UGC

Виктор Тихонов пен тергеуші Ерлан Ануарбек 2016 жылдың наурызында орын алған оқиғада әділетсіз тергеу жұмыстарын жүргізді деген күдікпен айыпталуда.

Жұмаділов пен Жұмабеков есімді азаматтар мейрамханадан шыққан қала тұрғындарын соққы астына алып, біреуінің ұялы телефонын ұрлап кеткен болатын.

Алайда, оқиғаға қатысты қылмыстық іс Тихонов алдына келгенде, ол барынша қылмыскерлерді ақтап алмақ болған.

Мемлекеттік айыптау дәлелдері жеткілікті болған қылмысқа көз жұмған шенділер өз лауазымдарын асыра пайдаланды деп санайды.

Көрсетілген қысым салдарынан іс қылмыстан бұзақылық түріне өзгерген. Тихонов қылмыскерлердің бұған дейін істі болғандарын да елемеген көрінеді.

Бұл оқиғада тергеуші Ерлан Ануарбектің прокурор көмекшісімен одақтас болғаны үшін басы бәлеге қалды.

Айта кетейік, тиісті жазасын алмаған ер азаматтар бостандыққа шығып, бір қызды зорлап кеткен.

Енді екі шендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірі лауазымды асыра қолданғаны үшін, екіншісі дәлелдерге көз жұма қарағаны үшін айыпталуда.

Оған қоса, Тихонов алматылық жеңгетайға көмектескені үшін де кінәланып отыр. Жезөкшелер басшысы өзін жазадан аман алып қалған шендімен бірге темір торға тоғытылып үлгерген.

Ерлан Ануарбек өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтса, Виктор Тихонов айыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732604-almatyda-zegetajdy-trmeden-arasalap-kalgan-prokuror-isti-boldy/