Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үздік танылған актрисаның ата-анасы қыздарының жеңісі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Ислямованың ата-анасы таң ата құттықтауларды қабылдауда. Олар қызының жеңісіне қатты қуанғандарын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Үздік танылған актрисаның ата-анасы қыздарының жеңісі туралы пікір білдірді
Үздік танылған актрисаның ата-анасы қыздарының жеңісі туралы пікір білдірді: UGC

Самал Ислямова солтүстік Қазақстандағы Аралағаш ауылында туып-өскен. Кішкентайынан журналист болуды арман еткен қыз, уақыт өте келе кино саласын таңдап кетті.

Самал өнер колледжіне түсіп, ондағы оқуын аяқтамай жатып Сергей Дверцовойдың "Тюльпан" атты фильмінің түсірілімне кетіп қалған.

Осылайша, 2004 жылдан бастап ол Мәскеу қаласында тұрады. Әйгілі ГИТИС-ті тәмамдаған қыз, кино әлемінде өз күшін сынауға кіріскен.

Үздік танылған актрисаның ата-анасы қыздарының жеңісі туралы пікір білдірді
Үздік танылған актрисаның ата-анасы қыздарының жеңісі туралы пікір білдірді: UGC

Актриса туған жерін ұмытпай, ата-анасына жиі келіп тұрады. Олар Канн төрінде жұлдызы жанған қыздары үшін қатты қуанғандарын айтты.

"Самал кішкентайынан пысық болып өсті. Фильмдерде кімді сомдағын келеді деген сауалға ол үнемі "тек қана басты рөл" деп жауап беретін", - деп айтты анасы.

Бақытты ата-ана таң атысымен сансыз құттықтауларды қабылдап жатыр.

"Қуанышымызда шек жоқ. Қызымыз ұзақ уақыт блйы келе жатқан мақсатына жете білді. Армандар орындалады деген рас", -деп өз қуаныштарын білдірген ата-ана.

Айта кетейік, Самал Ислямова еуропалық киносыншылар көңілінен шығып, "Айка" фильміндегі рөлі үшін үздік актриса номинациясын жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732759-zdik-tanylgan-aktrisany-ata-anasy-kyzdaryny-zeisi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel