Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша қай облыс көш бастап тұр?

Опубликовано:

Қазақстан өңірлері арасында бала туу көрсеткіші жағынан Маңғыстау облысы алға шықты. Ең төмен көрсеткіш солтүстік облыстарда тіркеліп отыр деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша қай облыс көш бастап тұр?
Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша қай облыс көш бастап тұр?: UGC
"Қазақстан өңірлері ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,74 сәби), Астанада (28,23) және Оңтүстік Қазақстан облысында (27,20) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (13,17), Павлодар (15,91) және Шығыс Қазақстан (15,98) облыстарында көрініс тапты", — делінген сайтта жарияланған хабарламада.

Өткен жылы АХАТ органдары 390 262 жаңа туған нәрестені тіркеген, соның ішінде қалаларда – 226 847 адам, ауылдық елдімекендерде – 163 415 адам.

Сәбилердің 51,7%-ы (201 756) – ер бала, 48,3%-ы (188 506) – қыз.

2007 жылмен салыстырғанда сәбилер саны 21,2%-ға (ұл балалар – 21,7%, қыз балалар – 20,5%), қалаларда – 30,1%, ауылдық мекендерде – 10,7%-ға артты.

Сондай-ақ, туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2017 жылы 21,64 сәбиді құрады.

Қалаларда – 21,94 (2007ж. – 21,27), ауылдық елді мекендерде – 21,22 (2007ж. – 20,25).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732980-elimizde-bala-tuu-krsetkisi-bojynsa-kaj-oblys-ks-bastap-tr/

pixel