ОҚО-да 15 жасар қыз алпыстағы жездесінен жүкті болып, ұл босанған (фото)
Жарияланған күні:
Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы бойжеткен өзін зорлаған жездесінен бала босанды. Бүгінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала сәбиімен бірге жертөледе тұрып жатыр. Небәрі 15 жасында ана атанған жасөспірімнің барар жері, басар тауы да қалмаған деп хабарлайды Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ал жас қызды осындай күйге түсірген жездесі 18 жылға сотталып кеткен. Жақында оның сәбиі 2 жасқа толады.
Анасының жездесі бір емес бірнеше рет зорлап, ақыр соңында қыз жүкті болып қалған.
"Босанып, роддомнан шыққан кезімде өзі бір рет келді. Әйелі мен екі баласы да құжаттардың бәрін жасап беретінін айтып, кешірім беруді сұрады. Олар тіпті жаңа туылған баланы жауапкершілігіне алғылары келетінін де жасырмады. Бесігін әкеп беруге де уәде етті. Бірақ, олардың ешқайсысы да хабарласқан жоқ", - дейді жас ана.
Кейін 60-ты алқымдаған ақсақал қамауға алынып, сот үкімімен 18 жылға сотталып кеткен.
Мектеп оқушысын зорлаған қария Бәйдібек ауданы, Қошқар ата ауылын мекен еткен. Осы сұмдық оқиғадан кейін отбасының шырқы бұзылып, екі апалы-сіңлілі адамдардың арасы суып кетіпті.
Күйеуінің қыз зорлағанына сенбеген кейуана оның момын адам екенін алға тартқанымен, сот сараптамасы қарияның қызды зорлағанын дәлелдеген.
Ал жастайынан өмірдің қиындығын көрген бойжеткен анасы мен бауыры, баласы болып, жертөлені күнелтіп жүр. Сондай-ақ ол қаладағы колледждің бірінде кондитер мамандығы бойынша білім алуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733081-oko-da-15-zasar-kyz-alpystagy-zezdesinen-zkti-bolyp-l-bosangan-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.