"Үміт үзбеймін": Қатерлі дертке шалдыққан көпбалалы ана жанұшыра көмек сұрауда
Жарияланған күні:
Алматылық Айнұр Сүлейменова қатерлі дертке шалдығып, дәрігерлердің кесірінен ауруын асқындырып алғаны жайлы мақаланы бұған дейін де жариялаған едік. Үш баланың анасы "емдейтін шетелдік мамандар болса, қайда болса да баруға даяр" екенін сол кезде-ақ жеткізген-ді. Ал күні кеше ғана Оңтүстік Корея елінің ақ халаттылары оған ота жасауға дайын екендіктерін айтыпты. Тек оған қыруар қаражат керек. Осыған байланысты көп балалы ана көптен жанұшыра көмек сұрайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Дертінің тым асқынбағанын байқаған корей дәрігерлері оған жедел түрде ота жасау қажеттігін айтыпты. Оған тек 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат керек екен.
"Өткенде сәуір айының 25-26-сында Алматыға кореялық бір топ дәрігер келді. Олар мен сияқты науқастарды көріп, бізді емдей алатындықтарын айтты. Тек 20 мың доллардай ақша керек. Қазір көптің көмегімен 8 мың доллардай жиналды. Енді тағы 12 мыңдай қажет болып тұр. Айта кетерлігі мендегі ісік тез таралатын, асқынатын түрі болып тұр. Сондықтан уақыт тым аз. Қасиетті ораза айында көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрмін",-деп кейіді келіншек.
Сонымен бірге ол "жөнсіз ақша сұрап, оны өз қажеттіліктеріме жұмсап жатқаным жоқ, тек отаға қаржы сұрауға мәжбүр болып тұрғанын" айтты.
"Көпшілік мені орынсыз ақша жинап жатыр деп те сынап жатыр. Барлығына айтарым: бұған дейін де өз күнімізді өзіміз көріп келдік. Мен ешкімнен алақан жайып көмек сұрамас едім. Тек соған мәжбүр болып отырмын. Балаларым, жолдасым, ата-анам бар. Солардың алдында аман-есен жүріп, балапандарымды жеткізгім келеді. Бар тілегім сол. Алла мен қайырымды жандардан үмітімді үзбеймін»,-деп жан сырын ақтарды науқас ана.
Айта кетейік, былтырғы жылы күзде Айнұр Сүлейменованың омырауында қатерлі ісік бар екені анықталған болатын. Ауруды бірден танымаған дәрігерлер оның денесіне ине салып, обыр клеткаларын келіншектің терісіне де жұқтырып жіберген еді. Бүгінде алматылық келіншек Алматыдағы онкологиялық ауруларға арналған емханалардың бірінде ем алып жатыр. Қажетті сома жиналса, қазақстандық ана Оңтүстік Кореяға ота жасатуға аттанбақ.
Айнұр Сүлейменоваға көмек қолын созамын деушілер болса, келесі карточка номеріне ақша аударса болады:
Kaspi Gold карточкасы: 5169 4931 0085 6007
Сулейменова Айнур Кабылкакызы
ИИН 820701401432
Сбербанк карточкасы: 4424 7710 1226 4095
Киви әмиян: 8707 853 6253
Центр кредит карточкасы: 4667 2096 2094 2154
Мырзахметов Дастан Мырзахметович (жолдасы)
ИИН 820721300992
Халық банк карточкасы: 4402 5735 5682 2098
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733579-mit-zbejmin-katerli-dertke-saldykkan-kpbalaly-ana-zansyra-kmek-srauda/