Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлердің кесірінен ауруы өршіген үш баланың анасы қатерлі дертпен күресуде

Жарияланған күні:

Өткен жылдың күз айында денсаулығында кінәрет барын сезген алматылық Айнұр Сүлейменова дереу дәрігерлер көмегіне жүгінуді жөн санайды. Жергілікті аураханаға барған оған ақ халаттылар жөнді диагноз қоймаған. 4 ай бойы сенделген келіншек дертін асқындырып алады. Қазір 3 баланың анасының еміне көп мөлшердегі қаражат керек. Бұл туралы ол NUR.KZ порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде
Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде: UGC

Алматылық Айнұр Сүлейменова омырауы сыздап, денсаулығы сыр бере бастаған соң, былтырғы жылдың қараша айында жергілікті емхананың маммолог маманына барады. Ондағылар «қорқатын ештеңе жоқ, мастопатия» деп, келіншекке гармондық дәрілер мен жақпамайлар жазып береді.

Бір ай бойы әлгі дәрілерді ішкен ол омырауында еш өзгеріс болмағын көріп, жекеменшік клиникалардың көмегіне жүгінеді.

Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде
Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде: UGC
«Сол кезде гармоналдық дәрілерді күнде ішіп, сондай-ақ, жақпамайларды жағып ісіктің одан әрі ұлғаюына жол берген екенмін. Әрине, басынан бастап жөнді диагноз қойылса, бұлай болмайтын еді. Содан оларды қойып, жекеменшік ауруханаларға бардым. Олар да әр түрлі диагноз қойды. Бірі тіпті, омырауыңда ірің бар деп, шприцпен суырып аламыз деп, дерт клеткаларын теріге жұқтырып жіберген.
Жағдайым осылай күннен күнге мүшкіл бола бастағандықтан, Алматыдағы онкодиспансерге бардым. Ондағы білікті дәрігерлер маған бірден қатерлік дерт болуы ықтимал деп, анализ тапсыртты. Болжамдары дұрыс болып шықты. Енді қазір, тіпті ота жасауға мүмкіндік болмай отыр. Себебі, аурудың дендеп алғаны соншалық, омырауыммен оның маңындағы терінің бәріне қатерлі дерттің клеткалары жұққан. Ота жасатқан күннің өзінде, көкірек пен оның маңындағы терінің бәрін алып тастау керек, ал, ол теріні алса, орнын басқасымен жабу керек»,-деп налыды келіншек.

Дұрыс диагноз қоймаған дәрігерлерді көп балалы ана сотқа бермеймін дейді. Айтуынша, олармен күресіп, әділдік іздейтін уақыт тым тапшы екен.

«Туысқандарым сотқа берейік деп айтудай-ақ айтып жатыр. Бірақ дәл қазір мен олармен соттасып, күресетін күшім жоқ, мен дертіммен күрескім келеді», - дейді Айнұр Сүлейменова.
Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде
Дәрігерлердің кесірінен ауруын өршітіп алған үш баланың анасы қатерлі дертпен жан ұшыра күресуде: UGC

Жолдасының бір ғана еңбекақысына жан бағып отырған отбасы қатерлі дертке шалдыққан Айнұрдың еміне қаражат таппай отыр.

«Жолдасым жиһаз цехында жұмыс жасайды. Балаларым мектепте оқиды. Ауылымызда мектеп жоқ, көрші ауылға мектепке апарып, алып келу менің міндетім еді. Алайда, денсаулығым осылай сыр бергендіктен қазір бәріне жолдасым жүгіріп жүр. Отбасымыздағы қиын жағдайға түсіністікпен қарап отырған басшылығына да алғыс айтқым келеді. Себебі, мен ауруханаға кеткен күні балаларға бас-көз болып жұбайым қалады. Үлкені мектепте, ортаншысы даярлық сыныбында, осы жылы мектепке барады, ал кіші қызым тіпті – 3-ақ жаста ғана.

Қазір Кореядағы мамандармен сөйлесіп отырмыз. Олар бізге көмектесуге дайын, бірақ сұрайтын қаржылары да аз емес. Туыстарыма да көп арқа сүйеп отырған жоқпын, әркімнің өз тіршілігі бар дегендей. Ал үйімді сатайын десем, оның құжаттары дайын емес, себебі, ол үйді несие алып, былтыр ғана көтерген едік. Ол несиені ата-анам төлеп отыр, ол кісілер де зейнеттегі адамдар, қаржылай көмек көрсете алмайды.

Әрине, қаражат болса, шетелге барып, ем алуға дайынмын. Үй салып, енді ғана аяқтан тік тұрып жатқан едік. Балаларым үшін өмір сүруге тиіспін. Дәрігерлер аман қалу көрсеткіші – 35% дегенде, мен сол көрсеткіштің әр пайызын мықтап ұстап, күресуге дайынмын дедім. Алғашында сенбей, күні-түні жыладым, бірақ мен бекем болуым керек.

Балаларым тым жас, оларға туған анасынан басқа ешкім дұрыс қарай алмайды. Өмір сүргім келеді. Ешқашан ешкімге алақан жайып көрген жоқпын. Өткенде, еміме қажет дәрілерге қаражат таппай қалған кезімде, халықтан көмек сұрауға мәжбүр болдым. Біздің жанұямызда орын алған осындай жайтқа бей-жай қарамай, қолын созған барша қазақстандықтарға алғысым шексіз. Алладан қайтсын»,-деп егіле жылады үш баласы бар ана.

Айнұр Сүлейменоваға көмек қолын созамын деушілер төмендегі шоттарға ақша аудара алады.

Kaspi Gold карточкасы: 5169 4931 0085 6007

Сулейменова Айнур Кабылкакызы

ИИН 820701401432

Сбербанк карточкасы: 4424 7710 1226 4095

Киви әмиян: 8707 853 6253

Центр кредит карточкасы: 4667 2096 2094 2154

Мырзахметов Дастан Мырзахметович (жолдасы)

ИИН 820721300992

Халық банк карточкасы: 4402 5735 5682 2098

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723566-drigerlerdi-kesirinen-auruy-rsigen-s-balany-anasy-katerli-dertpen-kresude/