Фламинго, роза, сенатор: Астанадағы атауы "ерекше" баспаналар туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Астанада көше атаулары ғана емес, күн санап қаланың әр түкпірінен бой көтеріп келе жатқан тұрғын-үй кешендерінің аттары әр қилы. Олардың арасында бай-бағландар орын тепкен кварталдардан бастап, қарапайым қала тұрғындары қоныстанған эконом санаттағы үйлер де бар. NUR.KZ назарлараңызға Астанадағы атаулары "қызық" деген баспаналардың тізімін ұсынады.
Ел тұрғындарының арасында Астана жайлы түрлі пікір қалыптасқанымен, елордада мекенжайды көше қиылысымен емес, тұрғын-үйлердің атымен тұспалдайтынын бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Бұл жақтың такси жүргізушілері де дәл сондай: баспанаңыздың атауы мен үйіңіздің номерін айта қалсаңыз болғаны, діттеген жеріңізге еш қиналмастан жеткізіп салады.
Сонымен бас шаһардың аттары "қызық" деген түрғын-үй кешендеріне тоқталып өтейік. Елорданың бай-бағландарының арасында ағылшын, француз, италиялық кварталдарға деген сұраныс жоғары болып тұр. Бұл тұрғын-үй кешендерінің атаулары да дәл солай: "Ағылшын кварталы", "Француз кварталы" және т.б. Бір-бірімен жапсарласа орналасқан ауданда қай кварталдың нақты қалай аталатынынан да жаңыласыз. Ақиқаты бұл ауданда тек байшыкештер ғана орын тепкен.
Бұған қоса қаланың сол жағалауында орналасқан "Лазурный квартал" деген тұрғын-үй кешені тағы бар. Үйдің аты затына сай сырты қою жасыл түсті реңге боялған. Бір артықшылығы баспана – "Министрліктер үйі", "Бәйтерек" сынды нысандарға жақын аумақта орналасқан.
Астанада "махаббат" тақырыбына арналған тұрғын-үй атауларын да кездестіресіз. Мысалы: "Махаббат", "Жар-жар", "Жайна", "Мәңгілік" және т.б. Сондықтан астаналықтар "Махаббатқа апарып салыңыз" деген тіркесті естісеңіз таң қалмаңыз. Бұл қарапайым үйдің атауы деп қана қабылдаңыз.
Айтпақшы елордада еліміздің жер-су аттарымен аталатын тұрғын-үйлер жетіп артылады. Мысалы: "Қаратау", "Алатау", "Ақбұлақ", "Түркістан" тұрғын-үй кешені және т.б.
Сосын қазақы тілге жат, көбіне-көп шетелдік пәтердің атын еске салатын үйлердің атауы да бар. Мәселен: "Millenium Park", "Hihgvill", "BI Village" және т.б.
Елордалық құрылыс компанияларының қиялдарында шек жоқ. Олар жыл мезгілдеріне мен табиғат құбылыстарының аты берілген үйлерді де салып тастаған. Астанадан "Времена года", "Зима", "Лето", "Весна", "Радуга" деген аты бар тұрғын-үй кешендерін де кездестіресіз.
Сондай-ақ, елордада былтырғы "ЭКСПО" көрмесінің аты берілген пәтерлер де толып жатыр. Олардың арасында "Promenade EXPO", "EXPO Plaza" сынды атаулар көп.
Айтпақшы "Фламинго", "Роза", "Сенатор", "Достар", "Мұнар", "Жоңғар қақпасы", "Батыр", "Арнау", "Аксиома" сынды тұрғын-үй атаулары бар. Бір қарасаңыз үйдің емес, түрлі музыкалық топтардың еске салатын аттармен құрылыс компанияларының мұнымен не меңзегісі келгенін де түсінбейсіз.
P.S. Астанада тұрғын-үй көп, тек сапасы мен тұрғындарға деген қолжетімділігі артса болғаны.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733708-flamingo-roza-senator-astanadagy-atauy-erekse-baspanalar-turaly-ne-bilemiz/