Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітке кірген адамға не істеуге болмайды?

Жарияланған күні:

Алланың үйі саналатын мешітке барғанда қыз-келіншектер оранып, ер азаматтар тазаланып бару керектігін жақсы біледі. Бұдан басқа да сауапты арттырып, иманымызды күшейтетін ережелер тізімін Azan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Көрнекі фото: tabnakgilan.ir
Көрнекі фото: tabnakgilan.ir: UGC

Белгілі табиғин Саид ибн әл-Мусайаб, рахимахуЛлаһтың айтуынша, мешітте отырған адам, өзін Жаратушы Алланың жиынында отырмын деп санауы керек.

Ал имам Абу Абдулла Қуртуби, рахимахуЛлаһ, мешітке қатысты келесі әдептерді ерекше атап көрсетеді:

Мешітте не істеу керек?

  • Мешітке кірген адам мешітте отырғандарға сәлем беруі керек, (бұл тек адамдар Құран немесе намаз оқумен айналысып отырмаған кезде ғана орынды; егер адамдар аталған құлшылықтарды орындап жатқан болса, сәлем бермеген жөн).
  • Мешітке кірген кезде, ішінде ешкім жоқ болса, «Әссәләму ғәләйни уә ғәлә ғибәдиЛләһи с-солихин» деу керек.
  • Сонымен қатар, мешітті ластан, жас балалар мен есі дұрыс емес адамдардан сақтау керек (себебі олар мешіттің қасиеттілігін сезінбейді).
  • Алланы көп зікір ету керек.

Мешітте не істеуге болмайды?

  • Кез-келген бизнес іс-әрекеттерді жасауға (тіпті ұялы телефон арқылы болсын);
  • Қаруды жалақтатуға;
  • Жоғалған заттар туралы дауыстап жариялауға;
  • Дауыстап сөйлеуге, шулауға (ұялы телефон және басқа да құралдардың әуендері де осыған жатады);
  • Дүниелік мәселелерді талқылауға (ұялы телефон, СМС арқылы да);
  • Алдыңғы жаққа өту үшін отырған адамдарды орындарынан қозғауға;
  • Сапта орын жоқ болғанына қарамастан, сап арасына сығысып кіруге;
  • Намаз оқып тұрған адамның алдын кесіп өтуге;
  • Мешіт ішінде түкіріп, сіңбіруге;
  • Буындарын «шытырлатуға» (бұл пайдасыз әрекет айналадағылардың көңілін аударуы мүмкін);
  • Дене мүшелерімен ойнауға;

Осыдан соң, имам Құртуби рахимахуЛлаһ былай дейді:

«Мешіттің ережелерін сақтаған адам үшін мешіт - шайтанның арбауынан қалқан болып, қауіпсіздік орын болады».

Мешіттің қасиеттілігін сақтап қалу үшін, тыйым салынған амалдардың көп екенін ұмытпаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733920-mesitke-kirgen-adamga-ne-isteuge-bolmajdy/