Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғызбасты әйелдерге бала туғызуды кәсіп еткен ер азамат көптің ашуына ілікті

Опубликовано:

Елімізде бала тудырудың ашық бизнесі пайда болды. Ол үшін қалтаңызда жарты млн теңгенің болуы шарт. Сәби көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге арналған бұл жарнама көпшіліктің жағасын ұстатты, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: HeaClub.ru
Фото: HeaClub.ru: UGC

Instagram желісінде пайда болған @almatstop паблигі ерекше бизнесті жариялады. Бұл қызметті ұсынушы өз шартын да көрсетуді ұмытпаған. Басты талап, бала сүйгісі келген әйел көрікті болуы қажет.

"Жалғызбасты көрікті келіншектерге бала көтеруге көмектесемін. Бойы - 186, салмақ - 80. Қой көз, қара қоңыр түсті шаш" деп жазылған паблик жарнамасында қызмет құны 500 000 мың теңге екені көрсетілген.

Желі қолданушылары мұндай парақша ашқан адамды қатты сынап тастады. Олар бала көтергізуді кәсіп еткен ер адамдың қылығы жат нәрсе екенін айтты. Оқырмандар бұл жағдайға қатысты өздерінің кері пікірлерін жарысып білдірді.

Фото: INSTAGRAM желісінен скриншот
Фото: INSTAGRAM желісінен скриншот: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734495-zalgyzbasty-jelderge-bala-tugyzudy-ksip-etken-er-azamat-kpti-asuyna-ilikti/

pixel