Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі емші бала Ерболсынға еліміздегі VIP шенеуніктер баратын болып шықты

Опубликовано:

11 жасында басына тақия киіп, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұртты Аралқұмға сабылтқан емші бала Ерболсын қазір Ақтөбеде тұрады. Жер ауыстырса да, бағытынан таймаған жігіт әлі де адам қарайды екен. Бұл туралы Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ерболсын Серікбаев. Фото: Valet.ru
Ерболсын Серікбаев. Фото: Valet.ru: UGC

Бүгінде 15 жастан асқан Ерболсын Серікбаев Ақтөбе қаласында тоғызыншы сыныпты бітірген. Есейіп қалған емші бала адамдарды қабылдауға арнайы кеңсесін ашып алыпты. Айтуынша оған вип-клиенттер бас сұғып тұрады.

"Әншілер іздеп келді мысалы, бір-екі әнші Ақтөбеге келді. Астанадан көбінесе білім бөлімінде жұмыс жасайтын және де министерствода жасайтын ағаларымыз, апаларымыз келіп, емдерін қабылдап кетті. Рақметтерін айтты. Бірақ, олардың атын атай алмаймын, ренжімеңіз" — дейді емші Ерболсын Серікбаев.
Ерболсын Серікбаевтың балалық шағы
Ерболсын Серікбаевтың балалық шағы: UGC

Жағдайын әбден жасап, Ақтебедегі қымбат ауданға көшіп алған Ерболсын тұрмысын түзеуге емшіліктің қатысы жоқ деп отыр.

Еміне қоса, ән айтқанды да жақсы көретін жасөспірім өнерге де бет бұруды ойлайтын сыңай танытты.

Ерболсын Серікбаев. Фото: Valet.ru
Ерболсын Серікбаев. Фото: Valet.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734762-jgili-emsi-bala-erbolsynga-elimizdegi-vip-seneunikter-baratyn-bolyp-sykty/

pixel