Рамазан айында белгісіз біреулер мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кетті
Опубликовано:
Қасиетті Рамазан айы екеніне қарамастан еліміздегі мешіттердің бірінде садақа жәшігі ұрланды. Оны видеоға түсірген азамат бұл істі көпшілікке әшкереледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеоны түсірген азамат: "Бұл біздің мешіт. Сіздерге айтайын деп жатқаным, белігісіз бауырларымыз мешітте тұрған садақа жәшігін ұрлап кетіпті. Ілініп тұрған жерінен жұлып алып кеткен. Рамазан айында мұндай істерді қалай істегенін білмеймін", - деді.
Ал желі қолданушылары ұрлық істеген азаматтарды айыптап, жеңіл жолмен келген ақшаның жақсылық алып келмейтінін алға тартты.
"Одан да еңбек етсе қайтеді", "Масқара. Айдың-күннің аманында мешіт тонағаны несі?", "Адамдар азғындап бара жатыр" деп ашуланды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734765-ramazan-ajynda-belgisiz-bireuler-mesittegi-sadaka-zsigin-rlap-ketti/