Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 баласымен алдым": Отандық заңгер студент кездегі ғашығына 20 жылдан кейін үйленді

Опубликовано:

Астана қаласының тұрғыны Жәнібек Қабанов студент кезінде өзімен қатар оқыған Жанар есімді қызға ғашық болған. Бір рет киноға шақырып, сезімін де білдіріпті. Бірақ онысынан ештеңе шықпай, курстастардың жолы екіге айырылған. Тағдырдың жазуы болар, арада 20 жыл өткеннен кейін олар қайта табысқан. Бұл жайлы KYN.KZ-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

10 балас бар
Жәнібек Қабанов пен оның сүйіктісі Жанар Байжулдинова. Фото: KYN.KZ: UGC
"Жанар орыс группасында оқыды, мен қазақ бөлімінде едім. Шынын айту керек мені менсінбеді ол кезде. Бірде ортақ достарымыз әлеуметтік желіден топ ашты, оның ішінде Жанар да бар екен.

Барлығы «Жанардың 10 баласы бар. Президенттің қабылдауында болыпты», - деп жазып жатты. Мен де арасында құттықтап қойдым. Артық еш ойым болған жоқ. Күйеуі бар шығар деп топшыладым.

Бірде Жанар: «Кім көмектесе алады, сыртта көмірім қатып қалды», - деп жазды. Мен көмектесейін деп шештім.

Телефонмен мекен-жайын айтты. Барсам өзі жоқ, балалары бар екен. Көмірді ерітіп, үйлеріне кіргізіп беріп кеттім.

Осыдан кейін оның күйеуі жоғын түсініп, жақын сөйлесе бастадық. Кездесіп, студенттік шақты еске алдық...

Қызықты оқиғаның жалғасын KYN.KZ сайтынан оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734989-10-balasymen-aldym-otandyk-zager-student-kezdegi-gasygyna-20-zyldan-kejin-jlendi/

pixel