Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәйгеден 57 көлік ұтқан 13 жастағы қазақ баласы жайлы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Жақында Қостанай облысында өткен аламан бәйгеде белгілі атбегі Қанат Қасымовтың "Бәйтерек" атты сәйгүлігі бірінші келді. Оны тізгіндеген 13 жасар жеткіншек Ақжол Жұматай өзінің 57-ші көлігін жеңіп алды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақжол Жұматай
Ақжол Жұматай: UGC

Небәрі 13 жасында толайым табысқа жеткен жеткіншек - Ұзынағаш ауылының мақтанышы. Осы уақытқа дейін 100-ге жуық жарысқа қатысып, 57 көлік ұтқан балақайдың есімі дүйім жұртқа Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бәйгеде танылды.

"Шаман" тұлпарымен сынға түскен жеткіншек ешкімге дес бермей, 51 шақырымды еңсеріп, алман бәйгеден бас жүлдені алған. Осыдан кейін балақайға сырт өңірлерден ат баптаушылар хабарласып, бәйгелерге қатысуын ұсына бастаған.

Ақжол жастығына қарамастан ат баптау, жарату өнерін де меңгеріп алған. Бар ойы ат жарысында, жылқы баптауда болғанымен, білім алуды бірінші орынға қояды. Ал бәйгелерге сабақтан тыс уақыттарда қатысады екен.

Айта кетейік, Ақжол Жұматай ең ірі жүлдесі - "Lada Granta" автокөлігін 9 жасында жеңіп алған.

Фото:ng.kz
Фото:ng.kz: UGC

Ал Жақында Қостанайда өткен жарыста ол өзінің 57-ші автокөлігін ұтты. Бірақ, олардың бәрі шабандоздың қолына тимеген. Көбі аттың иелеріне бұйырады.

Ақжол Қостанайда жеңген екі көлігі үшін 450 мың теңге алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735105-bjgeden-57-klik-tkan-13-zastagy-kazak-balasy-zajly-ne-bilemiz-foto/

pixel