Алматылық бай-бағландардың "VIP" ауызашары қалай өтеді? (фото)
Опубликовано:
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жанға ауызашар беру - үлкен сауапты іс. Осы орайда, алматылық бай-бағландар да игі істен құр қалмау мақсатында ауызашар беруде. NUR.KZ тілшілері Алматыдағы ең бюджеті жоғары "VIP" ауызашарларға барып қайтты.

Алматылық ауқаттылар ауызашар үшін қарапайым мейрамханаларды таңдамайды. Ал жоғары санаттағы мейрамханалардың бағасы да қымбат болмақ.
Мәселен, қаланың орталығында орналасқан "Мирас" мейрамханасында ауызашар үшін адам басына 9 мың теңге төлеуге тиіссіз.
Дегенмен, мейрамхананың бағасы тапсырыс берушілерді еш қызықтырмаған да секілді. Себебі, мейрамханаға рамазан айына толығымен алдын-ала тапсырыс беріліп қайған. Ең үлкен ауызашардардың өзі 100-150 адамға берілген.

Қымбат орынның қонақтары да тиісінше аса қалталы болуы керек: мейрамхананың автотұрағы қымбат көліктерге толды. Су жаңа көлік тізгінін ұстаған қонақтар жақсы қызметте істейтіні көрініп тұр.
Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша, мұнда алматылық танымал шенділердің ауызашары жиі өтіп тұрады екен.

"Бұл ай толығымен ауызашар өткіземіз. Тапсырыстар біраз уақыт бұрын қабылданып қойылған. Біздің қонақтардың көбінесе билік басында отырғандар мен танымал тұлғалар", - дейді мейрамхана қызметкері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735307-almatylyk-baj-baglandardy-vip-auyzasary-kalaj-tedi-foto/