Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бас санитары тұрғындарға бетперде тағып жүруге кеңес берді

Опубликовано:

Менингит жағдайына байланысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ел тұрғындарына бетперде тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Kratko-news.com
Иллюстрациялық фото: Kratko-news.com: UGC

Бекшиннің сөзінше, әсіресе адам көп жерде, қоғамдық көліктерде бірреттік бетперде тағып жүру керек.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, көп мәрте қолдануға болатын бетпердені үтіктеп, жуып, қайта киюге болады. Алайда бірретік бетпердені ары кетсе екі сағат қолданған абзал. Ары қарай ол жарамсыз болып табылады.

Себебі тыныс алу кезінде дымқыл ауа тарап, онда бактерия мен вирустың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин бетпердені негізінде ауырмау үшін тағатынын еске салды.

Ал ауыратын адамдар қоғамдық көлікте жүрмеуі, түрлі шараларға қатыспауы керек.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735501-kazakstanny-bas-sanitary-trgyndarga-betperde-tagyp-zruge-kees-berdi/

pixel