Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен жанжалдасып қалған ақтөбелік әйел белизна ішіп қойды

Опубликовано:

Ақтөбе қаласы, Абай даңғылының бойында тұратын 20 жастағы әйел күйеуімен ұрысып қалып, қызуқандылықпен белизна ішіп қойды деп хабарлайды aktobetimes.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Актобе Таймс
Фото: Актобе Таймс: UGC

Есін жиған әйел дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне жүгінген. Әйел аман қалды. Дәрігерлер асқазан-ішек жолдарын тазалап, үйіне жіберген.

"Белизна - химиялық қоспа. Оның құрамында адам денсаулығына зиян хлор бар", - деді трансплантология бойынша координатор Рахимжан Арыстан.

Оның айтуынша, көп жағдайда, әйелі мен күйеуі немесе жігіті мен қызы ұрысып қалған кезде, олар белизна ішеді екен. Сондықтан осындай жағдай қайталанған кезде, шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, көп мөлшерде су ішу керек.

Хлор адам ағзасына түскеннен кейін күйдіре бастайды екен. Сондықтан сақтық шараларын ұстанған жөн.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735516-kjeuimen-zanzaldasyp-kalgan-aktbelik-jel-belizna-isip-kojdy/

pixel