Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасиетті Рамазан айында жұлдыздар арақ-шарап қойылатын тойға бара ма?

Жарияланған күні:

Қасиетті Рамазан айында жұлдыздардың көбісі жұмысын тоқтатып, демалысқа шығады. Алайда ораза екеніне қарамастан өз жұмысын тоқтатпайтын әншілер де бар болып шықты. Еліміздегі өнер иелері осы айда арақ-шарап қойылатын тойларға барады ма? Оразада қайырымдылықпен айналысады ма? Бұл жайында NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жұлдыздар. Фото-коллаж: NUR.KZ
Жұлдыздар. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл сұраққа Мәдина Сәдуақасова мен "Меломен" тобы кідірмей жауап берсе, Ернар Айдар сауалымызды жауапсыз қалдырды.

"Меломен" тобы. Фото: iArtist.kz
"Меломен" тобы. Фото: iArtist.kz: UGC

"Ораза айында тойға шығамыз. Бірақ көп той да болмайды бұл айда. Өзіміз барған жерлерден арақ-шарап көрмедік. Тек халал тойларға баруға тырысамыз. Осы айда қайырымдылықпен айналысып, тегін ән салуға да келісеміз. Жақында Алматыдағы мүгедектер үйінде тегін ән салдық", - деді "Меломен" тобының әншісі Роллан.

Сәдуақасова. Фото: Матрица.kz
Сәдуақасова. Фото: Матрица.kz: UGC

Ал Мәдина Сәдуақасова өзінің қайырымдылық істерін жасырын түрде жасайтынын айтты.

"Қасиетті айда тойға шығамыз. Бірақ бұл айда асығыс болмаса, үйлену тойлары бол бермейді. Тек "50 жас", "Тұсаукесер", "Бесік той" болады. Оның өзін ауызашар ретінде өткізіп, артынша ән саламыз. Бұл айда дастарханға ішімдік қойғандарды көрмедім. Ал шақырған күнде де осы айды жоғары бағалағандықтан, тек халал тойларға барамыз. Қайырымдылық істерімді жасырын түрде жасаймын. Яғни, әлеуметтік желіге келген хаттарды саралап, ішінде мұқтаж жандардың счетына ақша аударып жіберемін. Бірақ ол ісім жайлы парақшамда айтпаймын", - деп ағынан жарылды Сәдуақасова.

Сиви Махмуди. Фото: kazakbol
Сиви Махмуди. Фото: kazakbol: UGC

Сиви Махмуди бұл айда ауыз бекіткендіктен, демалыста жүргенін, тойға шықпайтынын мәлімдеді.

Нұрман Арыстан. Фото.youtube.com
Нұрман Арыстан. Фото.youtube.com: UGC

Ал жаңадан танылып келе жатқан әнші Нұрман Арыстан өзінің тойларға жиі баратынын бірақ той иелерінің дастарханына мән бермейтінін ашып айтты.

"Қазір ауыз бекіту мен ауызашарға асығатын уақыт қой. Тойға шақырып жатса барамын. Ол жерде стақан соғыстырып отырғанға қарамаймыз. Өзімізге тапсырылған жұмысты атқарып, шығып кетеміз. Оның үстіне оразада тойға сирек шақырту аламыз. Бұл айда олай жасайтын адамдарды түсінбейді екенмін", - деді Нұрман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735695-kasietti-ramazan-ajynda-zldyzdar-arak-sarap-kojylatyn-tojga-bara-ma/