ОҚО-да жаңа екі аудан пайда болатын болды
Опубликовано:
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі осы жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735807-oko-da-zaa-eki-audan-pajda-bolatyn-boldy/