jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Ақтөбеде адамның үрейін ұшыратын қоңыздар қаптап кетті (фото)

: UGC

Ақтөбедегі “Болашақ” шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді адам зәресін ұшыратын тарақандар жаулады. Жәәндіктерді үш-төрт ай бойы улағанымен нәтиже жоқ. Керісінше саны көбей берген сыңайлы. Ақтөбеліктер аса қауіпті әрі ауру тарататын қоңыздардан қалай құтыларын білмей әлек деп хабарлайды kerek-info.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kerek-info.kz
Фото: kerek-info.kz: UGC

"Болашақ" шағын ауданындағы үйлерде инфекциялық ауру тарататын тарақандар көбеюде. Салынғаны алты жыл ғана болған үйлердің тұрғындары қанша жерден тырысып жатса да, улау шараларынан нәтиже жоқ.

Кәріз жүйесі арқылы тараған тарақандар кеш батар сәтте қаптап кететін көрінеді. Ұзындығы 3 сантиметр болатын тарақандардың адам өміріне елеулі түрдегі зияны бар.

"Өмірімізде көрмеген тарақандарды көріп шошып жатырмыз. Мұндай тарақандар бұрын-соңды болған емес. Қайдан шыққанын білмейміз. Ылғалды жерлерде көп жүреді. Жапқыштардың шетінде тұрғанын байқаймыз. Әжетхана, қол жуатын жерде үйіліп жүреді. Өлтіреміз, улаймыз, сонда да азаймайды. Қайта одан сайын толып барады. Көршілерімнің балалары қатты қорқады. Денелерінен тауып алса, қышып қызарып кететін көрінеді. Бір өз өмірлеріміз үшін алаңдаудамыз" ,-дейді шағымданушы тұрғын Серік Баймурзин.

Аталмыш тұрғын үйлерді күтіп ұстауға "МидасГрупп" серіктестігі жауапты. Олар өз кезегінде улау шараларын жасап тұрғанымен, қоңыздар саны азаяр емес.

"Бір-ақ рет улап қою жеткіліксіз. Жәндіктердің салдарынан баламның үсті қышып жүр. Бірақ нақты себебін білмеймін. Баламның үстінен тарақан тауып алғасын қорқып кеттім. Түнде ұйықтамаймыз, уақытты тарақандарды өлтірумен өткіземіз" ,-дейді тұрғын Гүлмира Қуанышева.

Оған қоса, тұрғындар жалға бермек болып отырған пәтерлерін өткізе алмай жатыр.. Келген адамдар тарақандарды көріп бірден бас тартса керек. Ендігі кезекте тұрғындар зиянкес жәндіктен түбегейлі құтылу үшін екінші рет жүргізілетін күрделі залалсыздандыруды күтіп отыр

Ақтөбеде адамның үрейін ұшыратын қоңыздар қаптап кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.