Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаламдық індеттер дүниежүзін кезек-кезек сілкіндіріп отыр

Опубликовано:

Жыл сайын дүниежүзін ғаламдық індеттер кезек-кезек дүр сілкіндіріп отыр.

Нұркен Мырзаханұлы, биология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі:Әңгімемізді жыл сайын дүниежүзін кезек-кезек дүр сілкіндіріп отыратын ғаламдық індеттерден бастасақ. Бұрын құс тұмауы, кейін шошқа тұмауы, А типті пневмония, одан кейін Тәжікстаннан шыққан полиомиелит, Гаитиден тараған тырысқақ, осылай санамалай берсек, жалғасып кете береді. Індетпен бірге оның қауесет-дақпырты да әлемді жайлап жүреді. Мәселен, "осындай аурулардың қоздырғышын әлдеқандай микробиолог ғалымдар өздері ойлап табады" деседі. Мұндағы мақсат дүниені дүрліктіре отырып, ауруларға қарсы жаңа вакциналарға сұранысты арттыру болуы мүмкін. Шошқа тұмауы сияқты індеттер өршіген кезде, сізге де осындай ойлар келді ме?– Әрине, көбіне жаңсақ сөздер жиі ай­ты­лып жататыны рас. Мен ғалым ретінде қаңқу сөздерге бой алдырмаймын. Мұндай нәрсеге нақты ғылыми дәлел керек. Бүгінге дейін ғаламдық індеттерге қатысты айтыл­ған қауесеттер ешқандай айғақтармен дәлелденген жоқ. Демек, анықталмаған нәрсе – жалған. Ал, жалпы, жұқпалы ауру­лардың таралу мүмкіндігінің жылдан-жылға артып келе жатқаны – ақиқат. Себебі қазір түрлі елдердің толассыз байланысы арта түсті. Бұрын өзге елдің шекарасынан өту қиынның қиыны болатын. Ал қазір Еуропа халқы бір-бірімен емін-еркін қаты­нас жасап жатыр.

Бұрын құс тұмауы, кейін шошқа тұмауы, А типті пневмония, одан кейін полиомиелит,  тырысқақ, санай берсек, жалғасып кете береді

Қазақстандықтар да көптеген елмен тығыз араласып отыр. Кейінгі кезеңдерде пайда болған тағы бір үрдіс – урбанизация. Халық ауылдан қала­ға ағылып көшіп жатыр. Қалалық жерлерге халықтың шоғырлануы өте жоғары болып тұр. Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда, тіпті кейбір елде бір қалада тұратын халықтың саны сол қаланың тұрмыстық-экономикалық мүмкіндіктерінен асып кетеді. Бұл жағдай – жұқпалы аурулардың таралуына бірден-бір себеп. Жаңадан байып келе жатқан елдер де жұқпалы ауру­лардың өршуіне жағдай туғызады. Мәсе­лен, мұндай елдердегі жарнамасы күшті өнімдер мен басқа да арзан әрі тың дүние­лерге өзге елдер халқы, әсіресе жастар тарапынан қызығушылық артып, бұл өз кезегінде түрлі ауру жұқтыруға себеп болып жатады. Бірақ уақыт өте келе бізде биік талғам қалыптасады деп ойлаймын. Бір нәрсе алсақ та, бірегейін алуға тырысатын боламыз. Келешекте тағамды да талғап жеп, әлдебір нәрсеге көзсіз ұрынып қалу­дан аулақ боламыз деп сенемін. Шетелге демалуға шыққан кезде де беймәлім нәр­селерден сақ болған жөн. – Сонымен, сіз құс тұмауы, шошқа тұмауы дегендерді қолдан жасалған байбаламдармен байланыстырмайсыз ғой?– Байланыстырмаймын. Бұл – жай қауесет емес, бар нәрсе. Сондықтан біздің медициналық, ветеринарлық қызмет орындары жақсы жұмыс істеуі қажет. Қазір олардың жұмысына қатысты кілтипан жоқ. Олар елімізге сырттан күмәнді өнім келіп жатса, бірден тоқтау салып отыр. Елдегі жағ­дай­ды реттеп алмайынша, ондай тауар­лардың келуіне жол бермейді. Құдайға шүкір, әзірше еліміз әлемді дүрліктірген індеттерден аман. Әлбетте, пиардың түр-түрі бар, қара пиар деген бар. Менің ойымша, дәл қазіргі кезеңде біздің елдің байсалды дамып келе жатқаны әлемдік қауымдастық мүшелерінің бәріне бірдей ұнап тұрған жоқ. Кейбір мемле­кеттердің арасында біздің жетістіктерімізді жақсы көрмей, "әй, осылардан бір ши шығып қалса екен" деген теріс пиғылдардың болуы да ықтимал. Соның әсерінен бізде қайсыбір ауру түрлері тіркеліп жатса, түймедейді түйедей етушілер де табылады. Бұған қоса қазіргі мезгілде дәрі өндірісі ғажап бизнес болып алды. Қолдан құ­рамында дәрілік мәні жоқ заттарды жасап, біздің елімізге әкеліп, керемет дүниедей насихаттап жүргендер бар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/173674-galamdyk-indetter-dyniezhyzin-kezek-kezek-silkindirip-otyr/

pixel