Астанада үйдің төбесінде асыр сап ойнап жүрген балалар жұрттың ашуын тудырды
Опубликовано:
Астанадағы тұрғын-үйлердің бірінің төбесінде асыр сап ойнап жүрген балалардың әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді. Айтуларынша ата-аналар жазғы демалыста балаларына сақ болып, оларды қатаң қадағалауы тиіс деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Елордадағы тұрғын-үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген жеткіншектердің видеосы Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болды. Онда Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінің бойындағы тұрғын-үйлердің бірінде балалардың ойнап жүргенін анық көруге болады.
Желі қолданушылары жеткіншектердің аталған әрекетін сынап тастады. Сондай-ақ олар "Ата-аналары қайда қарап отыр?", "Жаз уақытында балаларға сақ болу керек", "Сақтансаң сақтайды" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737980-astanada-jdi-tbesinde-asyr-sap-ojnap-zrgen-balalar-zrtty-asuyn-tudyrdy/